НАҒЫЗ КЕДЕЙЛІК

  • 1  159 рет оқылды
  • Бір күні жоқшылық көрмеген ұлы мен бай әкесі кедей бір ауылға жолға шығады .Бұл сапардағы әкесінің мақсаты адамдардың қаншалықты кедей,

    өздерінің қаншалықты молшылықта тұратындығын көрсетпек еді . Олар кедей адамдардың үйінде бір күн, бір түн қонақ болды .

    Үйлеріне қайтып оралар жолда әкесі баласынан : адамдардың қандай кедей болатындығын көрдің бе балам ? -деп сұрады.

    Ия – , деп жауап қатты ұлы

    Қанекей нелер көрдің ? деді әкесі

    Баласы оған не түйгенін айта бастады.

    Біздің үйде бір итіміз бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшамыздың ортасына дейін ғана созылған бассейніміз бар, ал оларда ұзыннан – ұзақ

    cоңы көрінбейтін гүрілдеген өзен екен. Біздің ауламызда шет елдік лампаларымыз бар , ал оларда жарқылдап жымыңдаған жұлдыздар.

    Біздің көру алаңымыз ауламыздың қақпасына дейін ғана, ал олардікі бүкіл көкжиек. Баласы осыларды тізіп біткенде әкесі үнсіз қалды, ал баласы : «қаншалықты кедей екендігімізді көрсеткеніңе рахмет саған әке» – деп бітірді сөзін.

     

    Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

    Комментарии закрыты.

    Return to Top ▲Return to Top ▲