САУАТ АШУ КУРСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

  • 52 рет оқылды
  • ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жұмысын бастады.

    Жазғы сауат ашу курстарында «Қызылжар» орталық мешітінің білікті ұстаздары балаларға дәріс беріп, сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, иман әдебі мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны секілді тағылымы мол сабақтар үйретеді.

    Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылады. Биылғы діни сауат ашу курсының алғашқы күні «Қызылжар» орталық мешіті 20 қыз бала, 40 ер бала, барлығы 60 шәкірт қабылдады.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲