ОБЛЫСТА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

  • 194 рет оқылды
  • ҚМДБ Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастырумен өңірдегі мешіт шәкірттері арасында Қадір түніне орай Құран жарысы өтті. Аталмыш жарысқа бас-аяғы 48 адам қатысты. Олар құранның жарты парасы, духа мен нас сүрелерін жатқа айтудан және мәнерлеп оқудан шын мықтыны анықтады.

    Сайыстың ашылу салтанатына облыстың бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысқа демеушілік көрсеткен жандарға өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, мешіт жанынан ашылған “Апалар мектебінің” төрайымы Сәлима қажы шашу шашып, шәкірттерге өз қолдауын көрсетті.

    Сонымен жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында “Жарты пара” номинациясы бойынша бірінші орынды Еркебұлан Әлімжан жеңіп алды. Ал “Духа мен Нас” аталымында Бәйімбет Құбайдолла жүзден жүйрік шықса, мәнерлеп оқудан Исмаил Шайхиден үздік атанды. Қыздар арасында “Жарты пара” номинациясында бірінші орыннан Гүлдәурен Аманова көрінсе, “Духа мен Нас” аталымында Анар Шоқановаға тең келер ешкім болмады. Ал мәнерлеп оқудан Айжан Квайдулова биіктен көрінді.

    Жеңімпаз бен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлақтар табысталды. Айта кетейік, сайыстың соңы “Қызылжар” орталық мешітінің ұстазы Мухаммадсолих Мирзаев оқыған құран хатым дұғасымен аяқталды.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲