РАМАЗАН АЙЫНДА ОРАЗА ҰСТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

  • 85 рет оқылды
  • Құрметті жамағат қасиетті Рамазан айында ораза ұстаудың маңыздылығы жайында айтатын болсақ, құранда Алла Тағала былай дейді: «Ей иман еткен мұсылмандар! Ораза сіздерден бұрынғы келіп кеткен үмметтерге парыз қылынғаны сияқты,сіздерге де ораза ұстау парыз қылынды. Рамазан айына байланысты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) Шағбан айының соң күндерінде сахабаларына оқыған хұтпеде былай дейді: «Ей адамдар! Әлбетте бір үлкен және қасиетті айдың алдындамыз. Ол сондай бір ай, ішінде мың айдан хайырлы болған Қадыр түні бар.

    Алла Тағала бұл айдағы оразаны парыз, кешке оқылған (тарауых) намазын нәпіл ғибадат қылды. Бұл айда жақсы бір амалмен Аллаға жақындаған адам, басқа айларда бір парыз орындаған сияқты сауап алады. Бұл айда бір парыз орындаған адам, басқа айларда жетпіс парыз орындаған сияқты сауап алады. Бұл сондай бір ай, онда мұсылманның рызығы артады. Кім бұл айда ораза ұстаған адамға ауыз аштырса, бұл амалы арқылы оның күнәларі кешіріліп, тозақтан азат етіледі, және де ораза ұстағанға берілген сауаптың мөлшеріндей сауап, ауыз аштырған адамға да беріледі.» Сол кезде сахабалар: «Ей, Алланың Елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) барлығымыздың қолында оразалы кісіге ауыз ашар беретіндей мүмкіншілік жоқ қой»-деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) «Алла Азза уа Жәллә бұл сауапты, оразалы адамға бір құрма, бір жұтым су немесе сүтпен ауыз аштырған адамға да береді. Бұл ай сондай бір ай, әуелі рахмет,ортасы мағфирет, соңы тозақтан азат етілу айы»-деді. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Қиямет күні бір қауым келеді, оларда құстардың қанаттары сияқты қанаттар бар. Олар қанаттарымен жұмақтың айналасында ұшады. Бұны көрген жұмақ періштелері:- Сіздер кімсіздер?- деп сұрайды.- Біз  Мұхаммедтің үмметіміз.- Сіздер есеп көрдіңіздер ме?- Көрмедік! Ендеше бұл дәрежеге қалай жеттіңіздер?- дейді.- Біз Алла Тағалаға дүнйеде жасырын ғибадат еттік. Сөйтіп жасырын жұмаққа кірдік.» Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) басқа бір хадисінде: «Ораза тозақтан қорғайтын қалқан»-деген, яғни ораза ұстаған кісі ораза себебімен өзін ақыретте тозақтан, дүнйеде күнәлардан және шайтанның тұзақтарынан қорғайды. Бірақ қалқан адамды қорғау үшін, мықты және бүтін болуы керек. Сондықтан оразаны оразаға зиян беретін кемшіліктер мен күналардан қорғауымыз керек. Сөзімізді Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) хадисімен тамамдайық: «Жұмақта ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген және ешбір адамның жүрегіне келмеген тағамдарға толы дастархан бар. Бұған тек қана ораза ұстағандар отырады».

         Жамбыл аудандық «Тәуба» мешітінің бас имамы Байзақов Тұрғали.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲