36 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ АУРУХАНАЛАРҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

  • 291 рет оқылды
  • ҚМДБ «Зекет» қорының СҚО-дағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла!» акциясы аясында өкпені жасанды тыныстандыру аппараттары өңірдегі ауруханаларға жеткізілді.

    СҚО бас имамы Кенжетай Байкемелұлының айтуынша, аймақ бойынша жиналған қаражат мөлшері – 23 миллион теңге. Оның 15 млн. теңгесіне 36 дана оттегі концентраторы сатып алынса, қалған қаражатқа жергілікті ауруханалармен ақылдасып өзге де керекті медқұрылғылар, дәрілер алынбақ.

    Солтүстік дәрігерлері жомарт жандарға, сын сәтінде жақынына жанашыр болған жамағатқа және осы қайырымдылық шарасын ұйымдастырған ҚМДБ «Зекет» қорына ризашылықтарын білдіріп, алғысын жаудырды.

    Бір айта кетерлігі, СҚО-дағы «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық акциясына өзге ұлт, тіпті, өзге дін өкілдері де атсалысқан. Бұл – адамгершілік, мейірімділік пен қайырымдылық сынды ұлы ұғымдардың ұлтқа, дінге бөлінбейтіндігіне тағы бір дәлел.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲