Архивы рубрики ‘Мақалалар’

РАМАЗАН АЙЫНДА ОРАЗА ҰСТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Құрметті жамағат қасиетті Рамазан айында ораза ұстаудың маңыздылығы жайында айтатын болсақ, құранда Алла Тағала былай дейді: «Ей иман еткен мұсылмандар! Ораза сіздерден бұрынғы келіп кеткен үмметтерге парыз қылынғаны сияқты,сіздерге де ораза ұстау парыз қылынды. Рамазан айына байланысты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) Шағбан айының соң күндерінде сахабаларына оқыған хұтпеде былай дейді: «Ей адамдар! Әлбетте […]

ЕКПЕ ЕГУ ОРАЗАНЫ БҰЗА МА?

Негізінде шариғат бойынша кез келген нәрсе табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды. Бұл туралы «Фәтауа Һиндия» кітабында «Терідегі ұсақ тесіктер арқылы май секілді заттың ішке кіруі оразаны бұзбайды» делінген (1 том, 266-бет).

ТЕМІР ТОР АДАСУШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІН ТЕЗ ӨЗГЕРТЕДІ – ИМАМ

Ресми деректерді сөйлетсек, елімізе деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар саны 20 мыңнан асады. Олардың жетегіне ерген 800-ден астам қазақстандық азамат шекара асып, ажал құшқан. Аман қалғандары «Жусан» операциясы арқылы елге қайтарылуда. Жастарды ата-ана, туған-туыстарынан бас тартқызып, бөгде адамдардың соңынан еріп кете беруге итермелейтін қандай күш? Адасушылықтың басты себебі неде? Өзімізді, жақындарымызды мұндай қателіктен сақтау үшін не […]

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ ИМАННАН

Ата-бабаларымыз тарихына қарасақ, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Жақсылық жасап айналадағыларға, бір-бірінің үйіне қонақ болып қал сұрасып, қуаныш сыйлап ынтымақ-бірлікте болу және жиі араласу қайырымдылық жасау сияқты ізгі істер осы күнге дейін жалғасын табуда. Жақсылықтың түрлері көп мысалы:

ҚҰЛШЫЛЫҚТЫ ЫҚЫЛАСПЕН ОРЫНДАУ

Құлшылық – бұл Алла жақсы көретін, разы болатын жария және жасырын сөздер мен істер. Құлшылық – Алланың құлындағы хақысы, құлының Раббысы алдындағы міндеті. Алла Тағала Өзінің рақымымен пайғамбарлары арқылы құлшылықтың барлық түрін айқындап берді. Сондықтан да, адамдардың емес, Алланың разылығын табу қашан да оңай. Сіз әрбір мақтау-мадақ сөзді, ұйқыны, тамақты, ата-анаға, туған-туысқа деген қарым-қатынасты «ниет» […]

Return to Top ▲Return to Top ▲