Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

СҚО «Қарттар біздің қазынамыз»

ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруменен Петропавл қаласының мешіттерінде халықаралық қарттар күніне орай «Қарттар біздің қазынамыз», «Кәрінің бары – игі» атты мерекелік шара өткізілді.

«ҚМДБ 30 жылдығына орай 30 000 түп тал отырғызу»

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен Республика бойынша «ҚМДБ 30 жылдығына орай 30 000 түп тал отырғызу» акциясы аясында 30 000 тал (ағаш) отырғызылды. Аталмыш акцияға атсалысқан Солтүстік Қазақстан облысының дін қызметкерлері үлесімен  Петропавл қаласымен барша өңір аудандарда 705 тал ағаш отырғызылған болатын.

Қызылжардағы «Көшпелі керуен»

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен, «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруыменен еліміздің барша Республикалық маңызы бар қалаларында және өңір орталықтарында ҚМДБ-ның «Әр аптаға бір шара» жобасы аясында «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық  акциясы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша апамыз Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының рухына бағышталған қайырымдылық шара.

Бүгін ҚМДБ-ның СҚО бойынша облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде елімізге белгілі ардақты ана Жамал апаның қайтқанына 40 күн толуына орай, оның рухына бағышталған   республикалық қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ бастамасы СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен, «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» 20.08.2020 ж. қайырымдылық акция өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларға мешіт атынан және Зекет  қорының атсалысумен  10 отбасыға Ноутбуктар сыйға тартылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲