Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ШЕШЕНСТАННЫҢ МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мəскеу қаласында өткен «Ислам – мейірімділік пен бейбітшілік жаршысы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция аясында Шешенстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі, мүфти, шараны ұйымдастырушылардың бірі Салах қажы Межиевпен кездесті. Кездесуге ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Ресми басқосуда бауырлас елдердің діни саладағы әріптестік байланысы, […]

Жаңа мешітте жаңа кітапхана

29 наурыз күні қалалық Қызылжар мешітінде кітапхана ашылу рәсімі өтті. Мешіт жамағаты енді Еліміздің көрнекті ислам ғалымдарының діни әдебиеттерін оқи алады: Құран Кәрімнің аудармасы, Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі)Хадистері, өмірбаяны, Ақида, Фиқһ, араб тілін үйрену, Дін мен Дәстүр, ұлттық тәрбие құндылықтары жайында, және тағы басқа кітаптарды алып, олар бойынша ұстаздардан сабақ ала алады. […]

БАС МҮФТИ МӘСКЕУДЕ БАСТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА

Бүгін Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының ұйытқы болуымен «Ислам – мейірімділік пен бірліктің жаршысы» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Халықаралық басқосуға мұсылман мемлекеттерінің мүфтилері, дін қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, діни қауымдастықтың жетекшілері қатысуда.

Қызылжарлықтар наурыз мейрамын атап өтті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық мешіттерде қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген Ұлыстың-ұлы күні наурыз мейрамы аталып өтті. Мешіттерде ақ дастархан жайылып, қазақтын ұлттық тағамы наурыз көжемен бауырсақ пен тәттілер қойылды. Аталмыш іс-шара барысында мешітке келуші жамағатқа дін мен дәстүрді ұштастыра отыра дініміздін асыл құндылықтарды насихатталды.

БАС МҮФТИ: ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН!

Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти. Ардақты ағайын! Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақ пен береке тілеймін. Алла Тағала қарияларымызға қуат, жастарымызға жігер, халқымызға қашан да ынтымақ, татулық нәсіп еткей!

Return to Top ▲Return to Top ▲