Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Молдаларға арнайы жиналыс өтті

14.03.2019 жылы қалалық «Қызылжар» мешітінің ұсынысымен Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде діни сауаттылықты арттыру мақсатында аудандар мен ауылдардағы молдалыққа өткізілген екі апталық сауат ашу курсын бітіріп, арнайы сертификаттарға ие болған төрт молдаларға жиналыс өткізілді. Қалалық «Қызылжар» мешітінің Бас имамы Қасымхан Абдұллаұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт қызметкерлерінің міндеттері жайында баяндап берді, сондай-ақ имам-молдалар діни рәсімдерді өткізу […]

БАС МҮФТИ РЕСЕЙ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ресей Ислам мәдениеті орталығының президенті, белгілі қоғам қайраткері Абдул-Вахед Ниязов бастаған делегацияны қабылдады.

БАС МҮФТИ: БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТАДЫ

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзамен кездесті. Дипломат жаңа ғимаратқа қоныс аударған Бас мүфтиді, ҚМДБ ұжымын құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Қызылжарда:Аналарға құрмет көрсетілді

СҚО өкілдігі халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мешіттің әйел жамағатына, мереке қарсаңында жалпы өңір бойынша мешітте қызмет ететін аналарымызға сыйақымен бірге алғыс хаттар табысталды. Бұл игі іс-шараға ҚМДБ-ның СҚО бойынша «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторымен белсене атсалысып, «Қызылжар» орталық мешітінде «Ана туралы бірер сөз…» атты тақырыпта ақ жаулықты аналарға мерекелік іс-шара өткізіп, сыйлықтар үлестіріліп, дастархан […]

ҚМДБ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиевтің төрағалығымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-діни конференциясы жұмыс тобының кезекті басқосуы өтті. Жиынға жұмыс тобының үйлестірушісі, ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, мүфтияттың бөлім басшылары мен мамандары, «Әзірет Сұлтан» мешітітінің Бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин қатысты.

Return to Top ▲Return to Top ▲