Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

МЕШІТТІҢ ЖАНЫНА ШЫРША ОРНАТЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ

Шымкенттегі орталық мешіттің жанына шырша орнатылмайтын болды. Жыл сайын Ордабасы алаңына орнатылатын мерекелік шырша жаңадан ашылған Тәуелсіздік саябағына көшіріледі. Айта өтейік, бұған дейін-де дін өкілдері қалалық әкімдіктен шыршаны өзге орынға көшіруді сұраған болатын. Имамдар шырша маңына келушілер екі жыл қатарынан ислам дініне жат әрекеттер жасайтынын айтқан еді. Шырша жанында ішімдік ішіп, шулап, намаз оқитындарға кедергі […]

Перзентхана қызметкерлері сәбилерді алмастырып жіберген

«Бұл – менің анам емес!» Талдықорған қаласындағы перинаталдық орталықта дүниеге келген қос нәресте ана сүтінен бас тартып, ақ халаттылардың айыбын әшкере етті. Артынан белгілі болғандай, перзентхана қызметкерлері босанған аналардың баласын алмастырып жіберген. Бөгденің баласы болгысы келмейтіндіктерін, жылап білдірген бөпелер, сөйтіп, дәрігерлердің қатесін бетіне басыпты. Бірақ кадрдың жетіспеушілігін сылтау еткен ақ халаттылар болса, айыптарын аса сезініп […]

Қазақстанда темекі қораптарының сыртына «қорқынышты» суреттер жабыстырылатын болады

Қазақстандық шылым шегушілерді жаман әдеттен арылту үшін темекі қораптарының сыртына үрей туғызатын суреттер жабыстырылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Темекі шегуден бас тартудың бүкіләлемдік күніне орай өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева атап көрсеткендей, 2011 жылдың 22 қарашасы күні Үкімет екі Қаулыға қол қойды. Оның біріне сәйкес, […]

ШЫЛЫМ КЕЛТІРГЕН ШЫҒЫН. 25 МЫҢ АДАМ!

Көк түтін Қазақстанды көгертпей тұр. Темекіні айтамыз. Оның қатерлі екенін білсек те, шылымға құмары қанбайтындардың қатары сиремей тұр. Ал зиянына келсек, темекінің салдарынан жыл сайын республикада 25 мың адам көз жұмады. Бұл туралы Астанада Темекі шегуден бас тартудың бүкіләлемдік күніне орай өткен баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмила Баттақова мәлім […]

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАТЫН БОЛАДЫ – ҚР ІІМ

«Ғимаратта бомба бар» деген жалған ақпаратты таратушылар қатаң жазаланады. Бүгін еліміздің Ішкі істер министрлігі кезекті брифинг ұйымдастырып, апта бойы жарылғыш заттарды ойынға айналдырған азаматтардың біртіндеп анықталып жатқанын мәлімдеді. Олардың дені мектеп жасындағы оқушылар. Бірақ араларында ересек азаматтардың да бар екені аян, – деді Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз. Одан өзге брифингте айтылғандай, осы […]

Return to Top ▲Return to Top ▲