Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Мектеп оқушыларымен кездесу

Мектеп шәкірттері теріс діни ағымдар жайлы не білуі керек? Елімізде тыйым салынған діни ұйымдар қандай? Олардың  дәстүрлі діннен қандай өзгешеліктері бар? Осындай сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіту мақсатында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы, жастар ісі секторының меңгерушісі  Аян Алыпқашев   Жұмабек Тәшенов атындағы қалалық №20 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

ҚМДБ: ҚОҒАМДЫҚ ТЫНЫШТЫҚ – АСА МАҢЫЗДЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын […]

СҚО мешіттерінде садақа терминалдары орнатылды

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасы бойынша еліміздің мешіттеріне түсетін қаржының ашықтығын қадағалау мақсатында садақа қабылдау терминалдарын орнату тапсырылған болатын. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» орталық мешітімен қатар қалалық «Нұр» мешітіңде, Тайынша, Ақжар, Шал ақын, Қызылжар, Уалихан аудандық мешіттеріне, жалпы 7 садақа қабылдайтын арнайы терминалдар орнатылды <div class=»clearfix»></div>

Әйелдер арасында Құран оқу жарысы өтті

СҚО «Қызылжар» орталық  мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруыменен Құран оқу жарысымен қатар Алланың 99 сипатын жатқа білуден сайыс өтті. Игі іс-шараға 50ге жуық әйел адамдарменен қыз балалар қатысты. Қос номинацияда жүлделі болған қатысушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Иманды жас

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің жанынан құрылған жергілікті ақпарат насихат тобының мүшесі, қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы Шәріпов Қадырбек Қуанышұлы  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттеріменен «Иманды жас» тақырыбында кездесу өткізді. Жиналған жастар аталмыш тақырыптағы баяндамадан кейін, көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Return to Top ▲Return to Top ▲