Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

ҚМДБ: 20 ШІЛДЕ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ

Ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер саналады. Һижри жыл санауы бойынша 1442 жылдың зұлхижжа айы 11 шілде күні басталды. Ал арапа күні 19 шілдеге сәйкес келеді. 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көптеген мұсылман елдерінің ғұламаларымен кеңесіп, осындай пәтуа қабылдады.

БАС МҮФТИ ЖАҢА АРҚА МЕШІТІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды облысына қарасты Жаңа Арқа ауданында салынған құлшылық үйінің ашылу салтанатына қатысты.

ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімі жыл басынан бері 2021 жылғы қажылық маусымына қатысты ресми мәлімдемелер мен жаңалықтарды бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі түрде жариялап, халықты хабардар етіп келеді.

ҚМДБ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРБАНДЫҚ МАЛЫНЫҢ БАҒАСЫН БАҚЫЛАЙДЫ

Бас мүфти бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ Орталық Аппаратында арнайы жұмыс тобы құрылып, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбандыққа шалынатын мал бағасын нақтылады.

ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ХИКМЕТІ НЕ?

Құрбан шалу құлшылығы адамды ақыретте сый-сыяпатқа, мол сауапқа ке­нелтеді.

Return to Top ▲Return to Top ▲