Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

САУАТ АШУ КУРСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жұмысын бастады.

«ЕЛ ҮЛЕСІ-ПӘТЕРГЕ»: 3 БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Уәлиханов ауданында «Ел үлесі- пәтерге» акциясы аясында 3 отбасы баспаналы болды.

ОБЛЫСТА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастырумен өңірдегі мешіт шәкірттері арасында Қадір түніне орай Құран жарысы өтті. Аталмыш жарысқа бас-аяғы 48 адам қатысты. Олар құранның жарты парасы, духа мен нас сүрелерін жатқа айтудан және мәнерлеп оқудан шын мықтыны анықтады.

СҚО-да «ЕЛ ҮЛЕСІ- ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында  ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорынның ұйымдастырумен «Ел үлесі-пәтерге» жобасы аясында кезекті берілді. Қайырымдылық шарасына СҚО бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері Қасымхан Аблоллаұлы мен Тойбазар Айтуған қатысты.

«РАМАЗАН КЕРУЕНІ» МАРАФОНЫ ӨТТІ

Кең болсаң, кем болмайсың! Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастырумен  «Берекелі рамазан сыйы» жобасы аясында «Рамазан керуені» марафоны өтті. Сауапты шара барысында жалғызілікті аналарға, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді. Акция аясында өңірдегі 800-ге жуық шаңыраққа азық-түлік себеттері үлестірілді.

Return to Top ▲Return to Top ▲