САНИТАРЛЫҚ РЕЖІМ КҮШЕЙТІЛДІ

Наурыз 17th, 2020

Өкінішке қарай елімізде короновирус індетіне шалдыққандар саны күннен-күнге артып келеді. Ел көлемінде жарияланған төтенше жағдайға сәйкес, халық көп жиналатын орындар уақытша жұмысын тоқтатып, санитарлық  режімге көшті.  Мешіттер де қауіпсіздік шараларын  барынша күшейтіп отыр.

ҚМДБ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА

Наурыз 17th, 2020

بسم  الله الرحمن الرحيم

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

      Бүгінде COVID-19 коронавирус жұқпалы дерті әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемді шарпыған жұқпалы дертті пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылдың 16  наурызынан бастап 30 тәулікке төтенше жағдай енгізілді.

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИДІҢ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫНА ҮНДЕУІ Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Наурыз 17th, 2020

Қадірлі бауырлар!

Адам атадан тараған күллі адамзат баласы жаратылған сәттен бастап түрлі жақсылықтар мен сынақтарды бастан кешуде. Өйткені, өмір – сынақ мекені. Ал мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау.

Иман шартын жүрегіне бекіткен мүмін жақсылық пен жамандық – Алладан деп қабылдайды. Нығметке кенелсе – шүкір етеді, қиындыққа тап болса – төзімділік танытады.

Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз.  

Ендеше, мұсылман қауымын құлшылық кезінде еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасауға шақырамын.

СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗДІ

Наурыз 13th, 2020

Тайынша ауданы Чкалово ауылындағы «Қожағұл Махмет қажы» мешіті  жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында бірнеше спорттық сайыс ұйымдастырды.

Алдымен мешіт қызметкерлері жергілікті білім бөлімімен бірлесіп өңіріміздің барлық 13 ауданының спортсүйер жастары арасында шағын футболдан жарыс өткізді. Ал  жуырда қазақ ұлттық ойындарын жаңғарту мақсаты аясында қазақша күрестен жарыс ұйымдастырылды. Оған Тайынша ауданы мен көкшетаулық жас балуандар қатысты.  Екі сайыстың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

ДАНА АБАЙҒА АРНАЛҒАН КЕШ

Наурыз 13th, 2020

Мағжан Жұмабаев ауданы орталығындағы «Береке» мешітінің  ұжымы жергілікті кітапханада Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына  арналған әдеби-танымдық іс-шара өткізді. Оған мектеп ұстаздары мен оқушылары, мешіт пен кітапхана қызметкерлері  және  елдімекеннің шығармашыл жастары қатысты. Кеш барысында Хәкім Абайдың дана өлең-жырлары оқылып,  бір ғасырдан артық уақыт бойы  халқымыздың  құлақ құрышын қандырып келетін әндері шырқалды.

Return to Top ▲Return to Top ▲