23.07.2019 09:46

БАС МҮФТИ ДЕЛЕГАЦИЯ БАСШЫЛАРЫНА ҚМДБ ҒИМАРАТЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Апрель 15th, 2019

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ жаңа ғимаратында IV Халықаралық діни-ғылыми конференция делегаттарының қатысуымен мерекелік шара болып өтті. Елорда төрінде көршілес мемлекет мүфтилері мен дін қайраткерлерінің басын қосқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері» атты халықаралық конференция аясында бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратымен таныстыру рәсімі өтіп, шетелдік қонақтарға қазақы салт-дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз паш етілді.

ЕЛОРДАДА «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Апрель 15th, 2019

Бүгін Елордада, ҚМДБ ғимаратында Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2019 — Жастар жылы» деп жариялаған игі бастамасына орай «Жастар жəне руханият» атты республикалық форум өтуде. 

Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдин, ҚР Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл, олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, жастар ұйымдарының жетекшілері, медресе шәкірттері қатысуда.

Жібек жолы елдерінің «Дін және өркениет» жобасын қолға алуы маңызды — Серікбай қажы Ораз

Апрель 15th, 2019

Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары арасында «Дін және өркениет» жобасын қолға алу маңызды.  Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан  «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманғы сын-қатерлер» тақырыбындағы IV халықаралық діни-ғылыми конференция барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарихынан тағлым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ. Бұл бастама таришы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді. Бұл жұмысты жүйелі жүзеге асыру үшін Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары арасында «Дін және өркениет» жобасын қолға алудың маңызы үлкен. Аталған жобалар мен ұсыныстарды талқылау үшін арнайы бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынамын», — деді Серікбай қажы Ораз.

Жастар саясатына қатысты жайттар талқыланған секциялық отырыстар басталды

Апрель 15th, 2019

Елорда төрінде Еуразия кеңістігіндегі елдердің дін ғұламаларының басын қосқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері»  атты IV Халықаралық діни-ғылыми конференция аясында шетелдік дінбасшыларының қатысуымен секциялық отырыстар өз жұмысын бастады. Жас ұрпақты деструктивті ағымдардың ықпалынан сақтандырып, дұрыс діни ақпаратпен қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өтіп жатқан айтулы басқосудың алғашқы отырысы «Мұсылмандар діни басқармасындағы жастар саясаты: теория және практика» тақырыбына арналып, шетелдік және еліміздің көрнекті дін ғалымдарының  тұшымды баяндамаларымен толыға түсті. Көршілес мемлекеттердің дін қайраткерлерінің күшін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, жаһандық діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынып, ұлтаралық, конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған 1-секция отырысында түрлі тақырыптарда баяндамалар жасалып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Бас мүфти Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасауды ұсынды

Апрель 15th, 2019

 Елордада өтіп жатқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынды.

«Өткенсіз болашақ жоқ. Біз өткеннен өнеге алған халықпыз. Осы ретте әріптестеріме Ұлы Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасауды ұсынамын. Рухани карта өскелең ұрпақтың тарих пен руханият саласына қатысты сұрақтарына жауап беретін бейнебір бағдаршам, шамшырақ болуы тиіс. Тарихынан тағылым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ. Бұл бастама тарихшы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді», – деп атап өтті өз баяндамасында Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Return to Top ▲Return to Top ▲