25.05.2019 15:24

Жаңа мешітте жаңа кітапхана

Апрель 1st, 2019

29 наурыз күні қалалық Қызылжар мешітінде кітапхана ашылу рәсімі өтті. Мешіт жамағаты енді Еліміздің көрнекті ислам ғалымдарының діни әдебиеттерін оқи алады: Құран Кәрімнің аудармасы, Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі)Хадистері, өмірбаяны, Ақида, Фиқһ, араб тілін үйрену, Дін мен Дәстүр, ұлттық тәрбие құндылықтары жайында, және тағы басқа кітаптарды алып, олар бойынша ұстаздардан сабақ ала алады. Кітапхана ашылу салтанатына СҚО бойынша өкіл имам, орталық «Қызылжар» мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы, қалалық мешітінің бас имамы Исаев Қасымхан , мешіттің жамағаты, қажы апалар қатысты, діни сауат ашу курсының шәкірттеріне баталарын берді.

БАС МҮФТИ МӘСКЕУДЕ БАСТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА

Апрель 1st, 2019

Бүгін Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының ұйытқы болуымен «Ислам – мейірімділік пен бірліктің жаршысы» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Халықаралық басқосуға мұсылман мемлекеттерінің мүфтилері, дін қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, діни қауымдастықтың жетекшілері қатысуда.

Қызылжарлықтар наурыз мейрамын атап өтті

Март 26th, 2019

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық мешіттерде қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген Ұлыстың-ұлы күні наурыз мейрамы аталып өтті. Мешіттерде ақ дастархан жайылып, қазақтын ұлттық тағамы наурыз көжемен бауырсақ пен тәттілер қойылды. Аталмыш іс-шара барысында мешітке келуші жамағатқа дін мен дәстүрді ұштастыра отыра дініміздін асыл құндылықтарды насихатталды.

БАС МҮФТИ: ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН!

Март 22nd, 2019

Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Ардақты ағайын!

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақ пен береке тілеймін. Алла Тағала қарияларымызға қуат, жастарымызға жігер, халқымызға қашан да ынтымақ, татулық нәсіп еткей!

Бас мүфти: Еліміздің әр жетістігінде Елбасының қолтаңбасы жатыр

Март 22nd, 2019

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Тəуелсіз Қазақстанның əрбір жеткен жетістігінде, бағындырған белесінде Тұңғыш Президентіміз — Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы жатыр. 100-ден астам ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына топтастыра білген Елбасының ерен еңбегі тарихта мəңгі қала бермек.

Return to Top ▲Return to Top ▲