«Таза әлем» акциясы Қызылжарда жалғасын табуда

Қазан 14th, 2020

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен Республикалық «Таза әлем» акциясы аясында еліміздің барша өңірлерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталмыш акция Солтүстік Қазақстан облысында жалғасын тауып, қалалық, аудан-ауылдық деңгейде дін қызметкерлеріменен еріктілерден құрылған топтар жергілікті мешіттер маңын, саябақтарды, көшелерменен зират аумақтарын тазалады.

Қызылжарда азаншылар жарысының іріктеу кезкңі өтті

Қазан 5th, 2020


ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен Діни басқарманың 30 жылдығына орай «Әдемі әуезді азаншы» атты Республикалы жарысқа Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде өңір азаншылары арасында іріктеу сайысы өтті.

СҚО «Қарттар біздің қазынамыз»

Қазан 1st, 2020

ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруменен Петропавл қаласының мешіттерінде халықаралық қарттар күніне орай «Қарттар біздің қазынамыз», «Кәрінің бары – игі» атты мерекелік шара өткізілді.

«ҚМДБ 30 жылдығына орай 30 000 түп тал отырғызу»

Қыркүйек 23rd, 2020

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен Республика бойынша «ҚМДБ 30 жылдығына орай 30 000 түп тал отырғызу» акциясы аясында 30 000 тал (ағаш) отырғызылды. Аталмыш акцияға атсалысқан Солтүстік Қазақстан облысының дін қызметкерлері үлесімен  Петропавл қаласымен барша өңір аудандарда 705 тал ағаш отырғызылған болатын.

Қызылжардағы «Көшпелі керуен»

Қыркүйек 17th, 2020

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен, «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруыменен еліміздің барша Республикалық маңызы бар қалаларында және өңір орталықтарында ҚМДБ-ның «Әр аптаға бір шара» жобасы аясында «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық  акциясы өтті.

Return to Top ▲Return to Top ▲