«ҚМДБ 30 жылдығына орай 30 000 түп тал отырғызу»

Қыркүйек 23rd, 2020

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен Республика бойынша «ҚМДБ 30 жылдығына орай 30 000 түп тал отырғызу» акциясы аясында 30 000 тал (ағаш) отырғызылды. Аталмыш акцияға атсалысқан Солтүстік Қазақстан облысының дін қызметкерлері үлесімен  Петропавл қаласымен барша өңір аудандарда 705 тал ағаш отырғызылған болатын.

Қызылжардағы «Көшпелі керуен»

Қыркүйек 17th, 2020

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасыменен, «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруыменен еліміздің барша Республикалық маңызы бар қалаларында және өңір орталықтарында ҚМДБ-ның «Әр аптаға бір шара» жобасы аясында «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық  акциясы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша апамыз Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының рухына бағышталған қайырымдылық шара.

Қыркүйек 7th, 2020

Бүгін ҚМДБ-ның СҚО бойынша облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде елімізге белгілі ардақты ана Жамал апаның қайтқанына 40 күн толуына орай, оның рухына бағышталған   республикалық қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ бастамасы СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен, «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» 20.08.2020 ж. қайырымдылық акция өткізілді.

Тамыз 20th, 2020

Өткізілген іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларға мешіт атынан және Зекет  қорының атсалысумен  10 отбасыға Ноутбуктар сыйға тартылды.

«ҚМДБ – 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 ИГІ ШАРА» жобасы аясында СҚО Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимка селосы тұрғындарының игілігіне үш бірдей көпір берілді.

Тамыз 17th, 2020

«ҚМДБ – 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 ИГІ ШАРА» жобасы аясында СҚО Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимка селосы тұрғындарының игілігіне үш бірдей көпір берілді. Жергілікті халық көптен күткен қуаныштары үшін барша себепші болған имамдармен ел ағаларына ризашылығын білдіруде.

Return to Top ▲Return to Top ▲