28.02.2020 05:29

Қызылжар мешітіндегі құтты қонақ

Январь 29th, 2019

2019 жылдың 11 қаңтар күні Мәуліт меркесінің қарсаңында  Қасиетті жұма күні Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылы жаңа ашылған Петропавл қалалық «Қызылжар» мешітіне Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының экс-Мүфтиі, Египет Ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі Маямеров Ержан Малғажыұлы алғаш рет келіп, жұма намазына қатысты. Жамағаттың алдында «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірі жайында, Мәуліт айында жасалатын игі амалдар турасында уағыз айтты, барша мұсылмандарды осы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді

Жаңалық

Январь 29th, 2019

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Сауд Арабия Королдігінде (САК) 2019 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша екі жақты ресми кездесулерге қатысты.

Елбасының қатысуымен Жастар жылы ашылды

Январь 24th, 2019

Астанада ЭКСПО-2017 «Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды.

«Нұр» мешіті нұрланды

Январь 24th, 2019

ҚМДБ-ның СҚО бойынша Петропавл қалалық «Нұр» мешітінде демеушілердің көмегімен латын әліпбиіне сай жарықтандырылған «NUR MESHITI» жазуы  орнатылды. Бұл игі іске өңіріміздің жаңашыр азаматы Қусаинов Ғани демеушілік етті.

«Қажылық» қорынан Солтүстік имамдары жалақы алды.

Январь 23rd, 2019

ҚМДБ-ның шешімімен биыл алғаш рет республикалық «Қажылық» қоры арқылы жергілікті жердегі діни қызметкерлерге жалақы төлей бастады. «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Алыпкашев Аян СҚО бойынша 3 имамға «Қажылық» қордан төленетін жалақыны салтанатты түрде табыс етті. Бұл жалақы жыл бойы республикалық қордан тізімдегі имамдарға  50 000 (елу мың) теңге көлемінде жалақыны міндетті түрде төлеуге шешім шығуының нәтижесі болмақ.

Return to Top ▲Return to Top ▲