24.08.2019 15:24

Елорда әкімі ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлымен кездесті

Июль 23rd, 2019

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Құрбан айт мерекесіне дайындық және өткізу мәселелерін талқылады.

«Аль-Азхар» университетінде Абай орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады

Июль 23rd, 2019

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мысырдағы танымал «Аль-Азхар» университетінде Абай Құнанбаев орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады.
«Елші (Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев) «Аль-Азхар» университетінде Абай орталығын ашуды және оқыту бағдарламасына «қазақ тілі» мамандығын енгізуді ұсынды. Ректор Мухаммед аль-Махрасауи бұл бастаманы оң қабылдады және өз тарапынан оның жүзеге асуына қолдау көрсететінін жеткізді», – деп хабарлады сейсенбіде ҚР СІМ Исағалиевтің аль-Махрасауимен кездесу қорытындысы бойынша.

ҚР Президенті интернеттің шектелуіне қатысты пікір білдірді

Июль 23rd, 2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интернеттің шектелуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде ресейлік тілші Алексей Пивоваров Президенттен интернетті мөлшермен таратуға қатысты пікірін сұрады.

Жазғы діни сауат ашу курсы

Июль 17th, 2019

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде 24-маусыммен 15-шілде аралығында жылдағы дәстүр бойынша жазғы діни сауат ашу курсы өткізілді. Білім алушы бүлдіршіндерге бала тәрбиесінде үлкен маңызы бар ислам әдебі, ахлақ сабақтарымен қатар Құран әліппесі, Пайғамбар өмірбаяны, 40 парыз, Алланың есімдері үйретілді. 20 күнге созылған курс шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталып, дастархан жайылады.

БАС МҮФТИ: ЕЛОРДА — ЕЛДІГІМІЗ БЕН ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ АЙНАСЫ

Июль 5th, 2019

Құрметті бауырлар, ардақты ағайын!

Баршаңызды Елорда күнімен құттықтаймын! Əр отбасына бақыт пен береке тілеймін.

Елорда — елдігіміз бен егемендігіміздің айнасы. Жаңа астанамыз санаулы жылдарда күллі әлемге бейбітшілік пен бірліктің, татулық пен келісімнің киелі ордасы ретінде танылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲