ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ 11-ТАМЫЗ КҮНІ САҒАТ 7:00-ДЕ ОҚЫЛАДЫ !

Тамыз 2nd, 2019

Құрбан айт намазы Петропавл қаласының барлық мешіттерінде 11-тамыз  күні сағат 07:00-де оқылады.


ҚҰРБАН АЙТ 11 ТАМЫЗҒА БЕЛГІЛЕНДІ

Тамыз 2nd, 2019

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын хабарлайды.

Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады.

БАС МҮФТИ ҚАЖЫЛАРДЫ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Тамыз 1st, 2019

Бүгін Алматы әуежайында қажыларды қасиетті мекенге шығарып салу рәсімі өтті. Оған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.

Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, жалғасын тапқан шарада Бас мүфти қажыларға сәт-сапар тілеп:   

«Қажы болу – оңай ғибадат емес. Бұдан да маңызды мәселе – қажы болып өмір сүру. Қажы деген сөздің тағы бір мағынасы ешқашан жамандықтарға жоламау дегенді білдіреді. Қажылық жасау рәсімдері санаулы күндерде аяқталады. Ал «қажы» атанып қалу – өмір бойы жалғасады. Бұл жол түрлі сынақтарға толы болмақ.

Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды

Шілде 31st, 2019

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде ү.ж 31-шілдесінде құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында қалалық және аудан бас имамдарымен жиналыс өткізілді. Жиын тәртібінде жылдағы дәстүр бойынша атқарылу тиіс болған жұмыстармен іс-шаралар анықталып, діни басқармалар тарапынан берілген тапсырмалар талқыланды.

ЖАНТ мүшелері шалғайдағы үш ауданда

Шілде 30th, 2019

Жергілікті ақпарат насихат тобының жұмысын жандандыру мақскатында СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары Тайынша, Ақжар, Ш. Уалиханов аудандарына арнайы іс-сапармен барды. Күн тәртібінде аудан, ауыл жамағаттарыменен кездесулер, уағыз-насихат жұмыстары өткізілгенімен қатар мешіттердің құрбан айтқа дайындық жұмыстары тексерілді.  

Return to Top ▲Return to Top ▲