23.02.2019 16:40

Елорда да ұланасыр ас болмақшы

Декабрь 12th, 2011

Жаңа жылды дәріптеп, екі ай бұрын дайындық көруде, тәуелсіздігімізге дайындық жоқтау. Десекте бүгін қуанышты жаңалық естіп отырмыз.
«Астанадағы Хан шатырында Тәуелсіздіктің 20 жылдық құрметіне жалпы салмағы 300 келі болатын ет асылмақшы. Үйде ғана қазан көтеріп үйренген қазаққа ғана емес, елімізді мекендейтін өзге ұлттар мен қадірлі қонақтарға да жеңсік ас ретінде белгілі ет ұланасыр рәсім ретінде тұңғыш рет ұйымдастырылмақшы. Акция 16 желтоқсанда «Хан Шатырында» Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Бұл туралы кеше «ҚАЗБРЕНД» қоғамдық қоры мәлімдеді» — дейді, айтулы ақиқатты жазатын Айқын газеті.

Сондай-ақ, бұл жағдай елімізде бірінші рет болғалы жатқанымен, мұндай үлкен көлемде ас әзірлеу әлемде болмаған көрінеді. Осы арқылы әлемді таңқалдырар жайттармен толығатын — «Гиннестің рекордтар кітабы»на ену жоспарланып отыр екен.

 

Дайындаған: www.ekb-meshiti.kz тілшілері.

 

МЕШІТТІҢ ЖАНЫНА ШЫРША ОРНАТЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ

Декабрь 10th, 2011

Шымкенттегі орталық мешіттің жанына шырша орнатылмайтын болды. Жыл сайын Ордабасы алаңына орнатылатын мерекелік шырша жаңадан ашылған Тәуелсіздік саябағына көшіріледі.

Айта өтейік, бұған дейін-де дін өкілдері қалалық әкімдіктен шыршаны өзге орынға көшіруді сұраған болатын. Имамдар шырша маңына келушілер екі жыл қатарынан ислам дініне жат әрекеттер жасайтынын айтқан еді. Шырша жанында ішімдік ішіп, шулап, намаз оқитындарға кедергі келтірген. Сондай-ақ, жаңа жылдық тарсылдақтардың дауысы да мешітке келіп-кетушілерге кері әсер етеді. Ал биыл қала басшылары дін өкілдерінің өтінішіне құлақ асты. Шенеуніктер қоғамдық пікірлерді ескере отырып, шыршаның Тәуелсіздік саябағында тұрғаны дұрыс деп тауыпты.

МҰХАМЕТЖАН ЕСТЕМІРОВ — ОҚО ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ-ИМАМЫ:



«Біз үкімет орындарына бір ықпал еттік деп айта алмаймыз. Бірақ осы бізді түсіністікпен толеранттықты сақтай отырып, осындай мәселе көтергендігі үшін біз рахметімізді айтамыз».

Қазір 18 метрлік шырша саябақта тұр. Ал оның ресми ашылуы ертең болады деп күтілуде.

Шымкент
tv7.kz

Перзентхана қызметкерлері сәбилерді алмастырып жіберген

Декабрь 9th, 2011

«Бұл — менің анам емес!» Талдықорған қаласындағы перинаталдық орталықта дүниеге келген қос нәресте ана сүтінен бас тартып, ақ халаттылардың айыбын әшкере етті. Артынан белгілі болғандай, перзентхана қызметкерлері босанған аналардың баласын алмастырып жіберген. Бөгденің баласы болгысы келмейтіндіктерін, жылап білдірген бөпелер, сөйтіп, дәрігерлердің қатесін бетіне басыпты. Бірақ кадрдың жетіспеушілігін сылтау еткен ақ халаттылар болса, айыптарын аса сезініп отырмаған сыңайлы. Сериалдардан ғана кездесетін тосын тағдырдан талдықорғандық сәбилерді құдай сақтап қалды. Перинаталдық орталық қызметкерлері, жас босанған аналардың нәрестелерін алмастырып жіберіпті. Перзентханадан аналарды салтанатты түрде шығарып салған медбикенің масқара қылығын, қос әлди әшкере еткен, Ана сүтінен бас тартып. Бұл сұмдықты алдымен шындықты шырылдап білдіргісі келген бөпенің бірінің әжесі аңғарған.

ЖАНАРГҮЛ, ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ӘЖЕСІ:
— Мен бірден журналистерге, полицияға және денсаулық сақтау басқармасына хабар бердім. Мұндайды кім көрген? Алғашында қатты састық. Біздің кішкентайымызды бірнеше сағаттан соң, бірақ тапты. Түскі сағат екіден, кешкі алтыға дейін жүрдік қой сенделіп. Ал, кешке менің де жас босанған қызымның да күйі келмей, жедел жәрдем қызметіне жүгіндік. «Нәби» деп есімі қойылып үлгерген немересін иіскемек болған әжесі, алдында көріп қойған қара баласының орнынан, сап-сары сәбиді көргенде, есі шығып кетіпті. Қорыққандығы соншалықты, алғашқыда қайда, кімге, не айтарын білмей, қатты сасқан. Ал, екі бірдей отбасын есеңгіретіп, балаларын алмастырып жіберген ақ халаттылар болса, кадрдың жетіспеушілігін айтып, ақталып отыр.

НАДИЯ МУСАЕВА, ТАЛДЫҚОРҒАН Қ. ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ:
-Бізде балалар ешқашан аналарынан ажыратылмайды. Бұл босанған аналар, перзентханадан шығар кезге дейін, сәбилерінің қасында болды. Әр нәрсетенің қолында, аты, салмағы, туылған уақыты мен күні жазылған биркасы болған. Олар алмасып кеткен жоқ. Тек, балалардың киімі мен сыртқы көрпесі айырбасталып кетіпті. Бұл жағдай бірден анықталып, балалар өз аналарына қайтарылды. Ал, бұл қателікке жол берген медбике, әрине, өз жазасын алды.
Бірақ, орны толмас өкінішке апаруы мүмкін қателікке жол бергендер жеңіл жазамен құтылған. Бөпелері алмасып кеткен аналардың Талдықорған қалалық ІІБ жазған шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Қылмыстық құрам жоқ, деген полиция қызметкерлері, жұмысына салғырт қараған дәрігерлерпді тек әкімшілік жауапкершілікке тартып қойған.

Ирина Советжанқызы, Әлия Ахмедиева, Айдар Қажымұратов.

31.kz

Қазақстанда темекі қораптарының сыртына «қорқынышты» суреттер жабыстырылатын болады

Ноябрь 30th, 2011

Қазақстандық шылым шегушілерді жаман әдеттен арылту үшін темекі қораптарының сыртына үрей туғызатын суреттер жабыстырылатын болады.

Бұл туралы бүгін Астанада Темекі шегуден бас тартудың бүкіләлемдік күніне орай өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева атап көрсеткендей, 2011 жылдың 22 қарашасы күні Үкімет екі Қаулыға қол қойды. Оның біріне сәйкес, енді темекі өнімдерінің қорабына шылымның құрамындағы шайырлы заттар мен никотиннің көлемі, жүйелік улар, консерагендік және мутагендік заттар туралы шынайы мәліметтер орналастырылатын болады. Онымен бірге, темекі қораптарының сыртына шылым шегудің зардаптары мен пайда болатын сырқаттардан хабар беретін, қарасаң бойға үрей ұялататын суреттер немесе пиктограммалар жабыстырылмақ.

Белсенді шылым шегушілермен күресудің жаңа тәсілі Қаулыға қол қойылғаннан 18 айдан кейін, яғни 2013 жылдың сәуір айынан бастап қолданыла бастайды. Бұған мемлекеттік бюджеттен қаражаттар жұмсалмайды, пиктограммаларды өнім өндірушілердің өздері жабыстыруы тиіс. Темекі шығарушы кәсіпкерлер өз кезегінде, контрабандалық өнімдерден қорғалмақ.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі пиктограммалардың 12 түрін бекітіп қойды. Олар, темекі шегу — инфаркт пен инсультқа, тамыр ауруларына, әйел мен ерлердің бедеулігіне, есірткіге тәуелділікке, өкпенің қатерлі ісігіне, тістің түсуі мен пародантозға, терінің ерте қартаюына, өкпе эмфиземасына алып келетінін, сондай-ақ жүкті әйел шылым шегу арқылы сәбиінің өмірі мен денсаулығын қатерге тігетінін ескертеді. Пиктограммалар екі жылда бір ауыстырылып тұрады.

Екінші Қаулыға сәйкес, темекі өнімдері сатылатын сауда орындарына жас өспірімнің бойындай жерге, темекіден адам азғасына келетін қауіп-қатерді көрнекі түрде жеткізетін суреттер ілінеді. Қаулыны орындауды ҚР ДСМ ағымдағы жылдың желтоқсанынан кіріседі.

Департамент директорының айтуынша, шылым шегушілермен күресудің мұндай тәсілі — әлемнің үздік тәжірибесі және оның нәтижесі де дәлелденген. Және бұл шаралардың нәтижесінде 1 млн.-ға жуық қазақстандық қауіпті әдеттен өмір бойына арылады деп күтілуде.

Темекі шегудің зияндығы туралы графикалық ескертпелерді 2001 жылы әлем елдері арасында алғашқы болып Канада енгізді. Канададан үлгі алып, бұл тәсілді Бразилия, Сингапур, Тайланд, ұзын-саны 35 ел өз елдерінде қолдана бастады. Қазақстан бұл тізімге ТМД елдері арасында бірінші болып енгелі отыр.

А.Төлеғалиева атап көрсеткендей, Қазақстанда темекіге әуестенушілердің саны жыл санап артып келе жатқанына қарап, елде эпидемия жүріп жатқанын айтуға болады. Олардың дені темекінің түтінінде: дәмі мен иісі жоқ, бірақ көп мөлшерде адамның өліміне алып келетін — көмірқышқыл газы, егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын — күшән (мышьяк), немістер концлагерлерде қолданған — цианды сутек, дәретханаларды тазартуда қолданылатын — аммиак, тырнақтағы бояуды кетіруге арналған — ацетон, медицинада мәйіттерді бальзамдау үшін қолданылатын — формальдегид, ағзаға енгеннен кейін өкпеге тұрып қалатын — смола, ит-мысықтардың бүргесімен күресу үшін пайдаланылатын — перидин, есірткіге тәуелділікке алып келетін — никотин бар екендігін біле бермейді.

Гүлмира Алякпарова,

inform.kz

ШЫЛЫМ КЕЛТІРГЕН ШЫҒЫН. 25 МЫҢ АДАМ!

Ноябрь 30th, 2011


Көк түтін Қазақстанды көгертпей тұр. Темекіні айтамыз. Оның қатерлі екенін білсек те, шылымға құмары қанбайтындардың қатары сиремей тұр. Ал зиянына келсек, темекінің салдарынан жыл сайын республикада 25 мың адам көз жұмады. Бұл туралы Астанада Темекі шегуден бас тартудың бүкіләлемдік күніне орай өткен баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмила Баттақова мәлім етті.
Сонда Қазақстанда қанша адам көк түтінге әуес? Ұлттық орталықтың мәліметтеріне сенсек, Қазақстан халқының 27 пайызы, яғни 4 млн 200 мың адам темекі тартады екен. Бұл көрсеткіш 2001 жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғарылаған. Ең алаңдатарлығы, шылымға әуестенушілер арасында әйелдердің қатары күрт артуда. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, бұған дейін темекі тартатын 1 әйелге 5 ер адамнан келсе, қазір бұл көрсеткіш 1/3-ті құрап отыр. Әйелдерді былай қойғанда, енді бұл індет балалар мен жасөспірімдер арасында артып бара жатқаны қауіп тудырады, — дейді Жәмила Баттақова. Жалпы, темекінің салдарынан зиян шегіп жатқандар жетерлік. Ал әлем бойынша жыл сайын 6 миллионға жуық адам көз жұматын көрінеді. Десек те…
Дәрігер мамандар темекі шегу адамзатқа орасан зор қатер тудырып отырғанын айтады. Атап айтар болсақ, өкпенің қатерлі ісігі онкологиялық аурулар арасында бірінші орынға шықты. Анықталғандай, өкпенің қатерлі ісігі темекіні көп шегуден болады екен. Көк түтінді көп жұту көмейдің ісігі мен миокарт инфаркіне, инсультке, түсікке, бедеулікке, пародонтозға, ағзаның және терінің тез қартаюына алып келеді, сонымен бірге репродуктивті жүйеге кері әсерін тигізеді. Десек те, темекіге қарсы қоғам болып күрессек те, нәтиже шамалы болып тұр. Тіпті бірер апта бұрын осыған қатысты Үкіметтің арнаулы екі қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, бұдан былай темекі өнімдерінің қорабына никотиннің көлемі, улар, консерагендік және мутагендік заттар туралы шынайы ақпарат орналастырылатын болады. Темекі қорабының сыртына шылым шегудің зардабы мен оның салдарынан пайда болатын сырқаттың түрлері беріледі, сондай-ақ үрей тудыратын суреттер орналастырылады. Темекі шегудің зияндығы туралы мұндай ескертпелерді әлем елдері арасында бірінші болып 2001 жылы Канада енгізді. Мұнан кейін бұл тәсілді Бразилия, Сингапур, Тайланд қолданды, қазір әлемнің 35 елінде жүзеге асып отыр. Қазақстан бұл тізімге ТМД елдері арасында бірінші болып қол жеткізгенін айта кету керек. Демек, Қазақстан енгізгелі отырған әлемдік тәжірибе өз нәтижесін бере ме?

Маман — дәрігерлердің айтуынша, осындай тәсілді өмірге енгізу арқылы 1 миллионға жуық қазақстандықты темекі шегуден айыруға болады екен.

Б.МҰРАТҰЛЫ
www.aikyn.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲