23.02.2019 17:13

Дінге жасалған игі іс

Ноябрь 1st, 2013

Жуырда  облысымызға қарасты Уәлиханов ауданында жаңа мешіт бой көтерді. Жергілікті мұсылман бауырларымыздың көптен күткен Алла үйінде жамағатқа  заманауи талаптарға сай барлық жағдайлар жасалынған, ауласы кең, таза, жақын арада абаттандыру да жоспарлануда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мешіттің бас имамы  Ү. Шәкенов мешіттің бой көтеруіне үлес қосып, демеушілік жасаған барша азаматтарға, ауыл тұрғандарына алғысын білдірді. Осындай қуанышты жаңалыққа ортақтасып, жергілікті кәсіпкер мешіт атына «Лада Гранта» автокөлігінің кілтін табыс етті.

«Дін және патриотизм» тақырыбында конференция өтті

Октябрь 28th, 2013

ҚР Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың 24 қазан күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тақырыбы — «Дін және патриотизм». Алқалы жиынға дін қызметкерлері, әскери қызметкерлер, оқытушылар мен жастар қатысты. Өткізілген конференцияның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу және дұрыс діни бағдар берудің маңыздылығы турасында салиқалы ой, салмақты пікірлерімен бөлісу.

Өңір имамдарымен жиналыс өтті

Октябрь 28th, 2013

Ағымдағы жылдың қазан айының 22 жұлдызында ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі «Қызылжар» орталық мешітінде жиналыс өткізілді. Жиналысқа облыс бойынша қала, аудан имамдары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа мешіт бой көтерді

Октябрь 28th, 2013

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл селосында жаңа мешіт салынды. Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан діни істер бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы арнайы келді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі, СҚО Уәлиханов ауданының «Қожахмет Хазірет» аудандық мешітінің бас имамы Өсербай Шакеновтың ұйымдастыруымен Жолдасбаевтар отбасы, Жантілеуов Сүйіндік қатарлы азаматтардың, ауыл тұрғындарының демеушілігімен жергілікті халықтың, мұсылман бауырларымыздың көптен күткен мешіті салынды.

ҚР Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысы қызылжар өңірінің ахуалымен танысты

Октябрь 28th, 2013

Ағымдағы жылдың  24 қазан күні ҚР Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысы Әзілханов Марат Алмасұлы қызылжар өңіріне арнайы іссапармен келіп, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітіне ат басын тіреді.

Return to Top ▲Return to Top ▲