
СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруыменен Петропавл қаласы бойынша 5 жетімдер үйіне көмек көрсетілді. Алла әр балаға бақытты ғұмыр нәсіп етсін.
Қалалық «Мухсин» мешітінің бас имамы Абылай Құрсақов оқушылармен кезекті кездесу өткізді. Бұл жолы басқосу №25 орта мектепте ұйымдастырылды. Оның барысында Абылай Құрмашұлы «Ихсан ілімі» тақырыбында уағыз насихат жүргізіп, отаншылдық, шыншылдық, еңбекқорлық, діннің қоғамға деген әсері жайында айтты.
Жамбыл аудандық “Тәуба” мешітінің бас имамы Тұрғали Есентұрұлы оқушылармен кездесті.
ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен 2021 жылғы жоспарына сәйкес Петропавлда алғаш рет «Қызылжар» орталық мешітінің жанынан «Қайырымды кәсіпкерлер» алқасы құрылды.
СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруыменен Петропавл қаласы бойынша 5 жетімдер үйіне көмек көрсетілді. Алла әр балаға бақытты ғұмыр нәсіп етсін.
СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің қолдауыменен ЕС 164/6 түзету мекемесінде қайырымдылық тігін цехі жұмысын жүргізуде . Соның нәтижесінде қасиетті жұма күні аталмыш киім цехінің өнімдерімен түрлі тәттілер қалалық сәбилер үйіндегі 30 балаға үйлестірілді. Осы сынды игі шаралар жалғасын табады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы 2020-жылды еріктілер жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты еліміздің әр өңірінде түрлі салаларда еріктілер бекітіліп, түрлі игі шаралар орындалуда. Соның бірі болып СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің жастары жамағатынан «еріктілер» тобы құрылды. Аталмыш топ биылғы жылға жоспар құрып, игі мақсаттарға қол жеткізу ниеттенді.
Петропавлда «БАРКИ» ықшам ауданында СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен шаңғы жарысы өтті. Оған жоғары оқу орындары мен колледж студенттері және мешіт шәкірттері қатысты.
Аязды, ашық ауа райы – шаңғы жарысын өткізу үшін таптырмас күн. Оның үстіне жарыс жолы да арнайы жақсылап дайындалған. Жоғары оқу орнының және колледждің студенттері білім ордаларының үмітін арқалап келген. Аралас эстафета еркін стильде өтті. Қашықтық 2 шақырым. Жарыс төрешілерінің айтуынша командалар өте жақсы дайындықпен келген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Сейтбеков Смайл Сүйерқұлұлы өзі жетекшілік ететін бөлімнің жұмысын жандандыру мақсатында Петропавл қаласына іс-сапармен келді. Іс сапар барысында бірнеше маңызды кездесулерге қатысты. Оның бірінде СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде жергілікті кәсіпкерлерге халал продукция өндірудің маңыздылығымен қатар, кез келген тұтынушыға әрі тауар иесіне тиімділігімен оның пайдасын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар халал өнімін шығаратын кәсіпкерлерге халал сертификатын табыстады. Халал сертификатын берген кәсіпорынға үнемі тексеру мен бақылау жұмыстарын жүргізіп отырады.