Жеті рухани қазық насихатталуда

Қараша 6th, 2019

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде қала және аудан имамдары, зиялы қауым, әкімшілік, құқық қорғау органдары, ішкі саясат, БАҚ өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде III Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжаты талқыланды. Жиынды бастаған Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы  «жеті рухани қазық» құжатын таныстырып, имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік сынды құраушылар әр мұсылманның бойында табылу керек болған сипаттар екендігін айтып, әрі оны жастарға насихаттау имамдармен қатар ел ағаларының міндеті екендігін айтты. Қатысушылар өз тараптарынан қабылданған құжатқа оң бағаларын беріп, келешек ұрпақтың тәрбиесіне берер пайдасының мол екендігін айтты.

Қажы апалар форумда қабылданған құжаттармен таныстырылды

Қараша 1st, 2019

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде жамағат қажы апаларына ү.ж 23-қазанында өткен III Республикалық имамдар форумында қабылданған: «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «жеті рухани қазық»- атты үш құжат таныстырылды. Жиынды бастаған СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Дүйсенбай аталмыш құжаттарды түсіндіріп,олардың маңыздылығымен қатар форумда көтерілген мәселелерді жеткізді.

ФОРУМ ТҮЙІНІ: ДІННІҢ ТҰТАСТЫҒЫ – ЕЛДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ!

Қазан 24th, 2019

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өтті. ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген Бас кеңсесінде ұйымдастырылған дәстүрлі форумға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен белгілі теологтар және 500-ден астам имам қатысты.

Имамдар форумы елімізге белгілі қари, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб има­мы Жұманазар Өсерханұлының қа­сиетті Құран аяттарын оқуымен басталды.

ИМАМДАР ФОРУМЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Қазан 24th, 2019

Діндарлар құзыретіне қарай қызмет етіп, мешіттердегі міндеттер бірыңғайланады. Діни рәсімдерді өткізуде өзімбілдімге салыну тоқтатылады. Үшінші мәрте өткен имамдар форумында осындай маңызды мәселелерді қамтыған құжат қабылданды. Сондай-ақ қазіргі құбылған заманда құрдымға кетпеу үшін халықты жеті құндылыққа жетелейтін тұғырнама бекітілді. Осы ретте жиынға қатысқан Президент Әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының рухани-ағартушылық жолында еңбектене беру керек деген сәлемдемесін жеткізді.

Бас мүфти: Рухани биік сана – барша жамандықтың қалқаны

Қазан 24th, 2019

Елорда төрінде өтіп жатқан «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумында негізгі баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қоғамда көрініс тапқан мәселелерді шешудің жолын атап өтті.

Return to Top ▲Return to Top ▲