23.07.2019 09:17

БАС МҮФТИ РЕСЕЙ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Март 15th, 2019

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ресей Ислам мәдениеті орталығының президенті, белгілі қоғам қайраткері Абдул-Вахед Ниязов бастаған делегацияны қабылдады.

БАС МҮФТИ: БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТАДЫ

Март 13th, 2019

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзамен кездесті.

Дипломат жаңа ғимаратқа қоныс аударған Бас мүфтиді, ҚМДБ ұжымын құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Қызылжарда:Аналарға құрмет көрсетілді

Март 12th, 2019

СҚО өкілдігі халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мешіттің әйел жамағатына, мереке қарсаңында жалпы өңір бойынша мешітте қызмет ететін аналарымызға сыйақымен бірге алғыс хаттар табысталды. Бұл игі іс-шараға ҚМДБ-ның СҚО бойынша «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторымен белсене атсалысып, «Қызылжар» орталық мешітінде «Ана туралы бірер сөз…» атты тақырыпта ақ жаулықты аналарға мерекелік іс-шара өткізіп, сыйлықтар үлестіріліп, дастархан жайылды.

ҚМДБ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ

Март 6th, 2019

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиевтің төрағалығымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-діни конференциясы жұмыс тобының кезекті басқосуы өтті.

Жиынға жұмыс тобының үйлестірушісі, ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, мүфтияттың бөлім басшылары мен мамандары, «Әзірет Сұлтан» мешітітінің Бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин қатысты.

Қызылжарда жастар арасында футболдан жарыс өтті

Март 4th, 2019

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жастар арасында «Жастар» спорт кешенінде шағын футболдан турнир өткізілді.

Турнирдің мақсаты жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, отансүйгіштікке, спортты кеңінен насихаттауға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру. 
          «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы М.Жумажанов аталмыш турнирге құттықтау сөз айтып, қатысушыларға денсаулықтың адамға берген аманаты турасында насихатымен сайысты ашып берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲