16.11.2019 02:36

Рамазандағы — эссе байқауы!

Май 23rd, 2019

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі

«Қызылжар» орталық мешіті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне эссе — бәйгесін жариялайды

Бәйгенің мақсаты: «Қызылжар» орталық мешітінің шәкірттерінің шығармашылық потенциалын ашу үшін қажетті жағдай жасау!

Жаңа мешіттің қазығы қағылды

Май 22nd, 2019

Қасиетті Рамазан айында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласыныңжамағатын қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық жетті. Береке ықшам ауданында жаңа мешіттің алғашқы қазығын қағу рәсіміне ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имам, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы, қала және аудан имамдары, ел ағалары, ақжаулықты әжелер, БАҚ өкілдері қатысты.

Фидияға қатысты үкімдер

Май 22nd, 2019

Ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасау «підия» деп аталады.

Алла Тағала: أَيَّامًا مَّعْدُودَاتٍ ۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۚ وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ ۖ

«Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек» деді.

МҰСЫЛМАН ДИАСПОРАЛАРЫ АУЫЗАШАР БЕРУДЕ

Май 17th, 2019

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам түрлі ұлт өкілдері бар, соның біразы мұсылман диаспоралары. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында олардың ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. «Қызылжар» орталық мешіті олармен бірге ел бірлігін, тыныштығын арттыру мақсатында түрлі игі шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Соның бір дәлелі, Рамазан айында  қаламыздағы мұсылман мәдени орталықтары мешіт жамағатына алма-кезек ауызашар береді. Биыл да игі шара жалғасын табуда.

Жамағат ауызашары

Май 15th, 2019

Ү.ж мамыр айының 13-күні, яғни қасиетті Рамазан айының жетінші жұлдызында  «Қызылжар» орталық мешітінің жамағаты келген мұсылман жұртшылығына ауызашар дастарханын жайды. Ауызашарға 300-ден астам халық жиналып, келген жамағатқа уағыз айтылып, диаспора өкілдері өздерінің алғыс-тілектерін білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲