Бас имам
Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы
Туған уақыты, жерi:
Қостанай облысының тумасы, 1974 жылы 24-шiлдеде дүниеге келген.
Бiлiмi:
1993-1995 жылдары Алматы қаласындығы Ислам институты.
1998-2004 жылдары Мысырдағы Әл-Азһар университетiнде араб тiлi факультетiнде оқыған.
2004-2009 жылдары Мысырда Әл-Азһар университетiнiң «Ислам шариғаты және заң» (Ханафи мәзһабы бойынша) факультетiн тәмамдады.
Еңбек жолы:
1995-1998 жылдар аралығында Арқалақ қалалық мешiтiнде наиб имам;
2010-2011 жылдары Петропавл қаласы «Қызылжар» облыстық орталық мешiтiнде наиб имам;
11.2011-08.2012 ҚР Дiн iстерi жөнiндегi Агенттiктiң «Мәдениет пен дiн халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң талдау жұмысы бөлiмiнiң ғылыми қызметкерi;
08.2012-01.2013 ҚР Дiн iстерi жөнiндегi Агенттiктiң «Мәдениет пен дiн халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң талдау жұмысы бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi;
02.2013 ҚР Дiн iстерi жөнiндегi Агенттiктiң «Мәдениет пен дiн халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң талдау жұмысы бөлiмiнiң жетекшi ғылыми қызметкерi;
04.2013 жылы ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкiл имамы, «Қызылжар» орталық мешiтiнiң бас имамы және СҚО өңірі бойынша «Зекет» қорының өкілі. 2013 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Отбасы:
Жанұялы, екi баласы бар.
Мешiт мекен-жайы: Петропавл қаласы, К.Сүтішов көшесi, №40 үй.
Мешiт тел.: 8 (7152) 46-90-96 (факс), тел: 46-34-70