2.06.2020 07:15

Алтыншы хадис — Халал мен харам

  • 1 513 рет оқылды
  • عن أبي عبدِ اللهِ النُّعمانِ بنِ بَشيرٍ رَضِي اللهُ عَنْهُما قالَ:(سَمِعْتُ رسولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يقولُ: {إِنَّ الحَلاَلَ بَيِّنٌ وَ إِنَّ الْحَرَامَ بَيِّنٌ، وَبَيْنَهُما أُمُورٌ مُشْتَبِهَاتٌ لاَ يَعْلَمُهُنَّ كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ، فَمَنِ اتَّقَى الشُّبُهَاتِ فَقَدِ اسْتَبْرَأَ لِدِينِهِ وعِرْضِهِ، ومَنْ وَقَعَ فِي الشُّبُهَاتِ وَقَعَ فِي الْحَرَامِ، كَالرَّاعِي يَرْعَى حَوْلَ الْحِمَى يُوشِكُ أَنْ يَرْتَعَ فِيهِ، أَلاَ وَإِنَّ لِكُلِّ مَلِكٍ حِمًى، أَلاَ وإِنَّ حِمَى اللهِ مَحَارِمُـهُ، أَلاَ وَإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةً إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، أَلاَ وهِيَ الْقَلْبُ

    Хадистің тілдік мағынасы

    Арабша Аудармасы Арабша Аудармасы
    عن أبي عبدِ اللهِ Әбу Абдолладан النُّعمانِ Нұғман
    بنِ بَشيرٍ Баширдің ұлы رَضِي اللهُ عَنْهُما Алла ол екеуінен разы болсын
    قالَ айтты سَمِعْتُ естідім
    رسولَ اللهِ Алланың елшісі صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ Алланың салауаты мен сәлемі болсын
    يقولُ айтады إِنَّ шынында
    الحَلاَلَ хәләл بَيِّنٌ анық
    وَ және الْحَرَامَ харам
    بَيْنَهُما ол екеуінің арасы أُمُورٌ нәрселер, заттар
    مُشْتَبِهَاتٌ күмәнді لاَ يَعْلَمُهُنَّ оларды білмейді
    كَثِيرٌ көп مِنَ النَّاسِ адамдар
    فَمَنِ кімде-кім اتَّقَى қорықса, алыс болса
    الشُّبُهَاتِ күмәнді فَقَدِ өткен шақты күшейтуші қосымша
    اسْتَبْرَأَ таза болады لِدِينِهِ дініне
    عِرْضِه арына مَنْ кім
    وَقَعَ ұшыраса كَالرَّاعِي бақташы секілді
    يَرْعَى бағада حَوْلَ айналасында
    الْحِمَى қорғалған жер يُوشِكُ жақын қалады
    أَنْ يَرْتَعَ فِيهِ бағып жүрген أَلاَ реторикалық сұрақ
    لِكُلِّ әрбір مَلِكٍ патшаның
    مَحَارِمُـهُ өз қорығы فِي الْجَسَدِ денеде
    مُضْغَةً кесек ет إِذَا егер
    صَلَحَتْ дұрыс болса كُلُّهُ барлығы
    فَسَدَتْ бүлінеді هِيَ ол
    الْقَلْبُ жүрек  

     

    Әбу Абдиллә ән-Нуғмән ибн Бәшир (оған Алла разы болсын) былай деді: “Мен Алла елшісінің (с.а.у) былай айтқанын естідім: «Расында халәл – анық, харам да – анық. Ал ол екеуінің арасында күдікті нәрселер бар. Олар туралы көп адам білмейді. Кімде-кім күдіктерден сақтанса, өз діні мен ар-намысын арылтады, ал кім күдікті нәрселерге барса, харамға да баратын болады. Өйткені, ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар, ал Алланың қорығы – адамға тыйым салған нәрселері. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады, шын мәнінде, ол — жүрек»” [1]

    Хадис жеткізушісі сахаба жайында:

    Ән-Нуғмән ибн Бәшир Сәғд әл-Әнсари әл-Хазражи. Ғалымдардың айтуынша, ол пайғамбарымыз (с.а.у) Меккеден Мәдинаға қоныс аударған соң (һижра), ансарларда (Мәдина тұрғындарында) туылған ең бірінше бала. Ол Дамаск қаласындағы сотты басқарған. Сосын Муғауия оны Куфаға, ал одан кейін Химсқа ауыстырды. Ол өте жомарт, қайырымды, кең пейілді жан болған. Тағы да ән-Нуғмән керемет уағыздаушы, әрі ақын болған екен. Химс қаласының аумағындағы ауылдардың бірінде, Һижра бойынша 65-ші жылы өлтірілген.

    Жалпы түсіндірме

    إِنَّ الحَلاَلَ بَيِّنٌ

    «Расында халәл – анық»
    Халәл дегеніміз бұл – Алла Тағала Құран Кәрімде және Оның елшісі (с.а.у) хадистерінде рұқсат етілгенін анық айтқан нәрселері. Мысалы: Алла былай деді: «Сендерге мал рұқсат етілді»[2]  яғни түйелер, сиырлар, қойлар және олардан туылытындар рұқсат еліген болып табылады. Басқа бір аятта: «Алла сауданы хәләл етті»[3], — деді. Демек, сауда-саттық рұқсат етілген, әрине егер онда алдау, арбау сияқты тыйым салынған істер болмаса. Сонымен, нені Алла анық халәл деп атаса, оны адам қолданса болады, әрі ол үшін адам еш күнә алмайды.
    وَ إِنَّ الْحَرَامَ بَيِّنٌ،
     «Харам да – анық»
    Харам дегеніміз бұл – Алла немесе Оның елшісі (с.а.у) анық тыйым салынған анық нәрселер. Бұған мысал ретінде Алланың мына сөздерін келтірсек болады: «Сендерге өліксе, қан, шошқаның еті және Алладан өзгеге бауыздалған нәрсе тыйым салынған»[4] . Тағы да Алла былай деді: «Алла харам еткен жанды, еш ақысыз өлтірмеңдер!» [5]. Басқа бір аятта Алла: «Зинаға жақындамаңдар! Өйткені, ол арсыздық және жаман бір жол»[6], — деп айтты.
    Демек, Алла және Оның елшісі (с.а.у) анық халәл деп бекіткен нәрсесі алынады, қолданылады, ал харам деп бекіткені тасталады, қалдырылады. Бұл мәселелер анық, түсінікті, әрі адамның жүрегінде ешқандай күдік пен күмән, жалтақтау туғызбайды.

    Харамға кірудің себептері және оның зияны

    Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің мүбарак хадистерінде қиямет жақындағанда адамдың ризық табуда оның қандай жолмен келетініне мән бермейтінін, харам кәсіптердің кең тарайтыны айтылған. Пайғамбарымыз (с.а.у) Әбу Хурайрадан келген мүбарак хадисінде:(Сондай бір заман келеді адам ризығының қайдан келгеніне оның харам, хәләл екеніне мән бермейді)[7].

    Харамға барудың себептері:

    Бірінші: Алладан қорықпау. Ибн Масғудтан жеткен хадис бойынша пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: (Алладан шынайы түрде ұялыңдар! Біз айттық «Ей Алланың елшісі, біз Аллаға шүкір Алладан шынауы қорқамыз. Пайғамбарымыз: «Ол бұлай емес, Алладан шынайы түрде ұялу, көкейіңдегі ойларға, қарныңды  толтыратын затыңа мән беру және қияншылық пен өлімді еске алу, кімде-кім ақыретті қаласа, дүние қызығын тастайды, кімде-кім осыны істесе, Алладан шынайы қорыққаны)[8]

    Екінші: Тез баюды қалау. Қазіргі кезде адамдардың көбі тез байып, қысқа уақытта пайдаға кенелгенді қалайды. Хәләл тауарлармен бірге харам тауарлардың да араласып, соңы орны толмас өкініштерге апарғанын өзі байқамайды, өйткені харам жолмен түскен пайда оның көзіне бірден шел болып, аз мөлшерде героин қабылдаған нашақор адам секілді бара-бара сол мөлшерді де көбейе түсіреді. Шынайы хәләл жолмен кәсіп қыла алмаған хәләл есіктері жабылып, харам есіктері ашылған кезде дер кезінде тоқтап, оның барлығы тағдырында бекітілгенін түсінеді. Пайғамбарымыз (с.а.у) мүбарак хадисінді: (Жәннатқа жақындататын амалдар сендерге әмір еткен амалдарым, тозаққа апаратын амалдарым сендерге тыйым салған амалдарым)[9].

    Үшінші: Қанағатсыздық.  Харамға бас сұғудың бірден-бір жолы Алланың бөлген несібесіне разы болмай, азға қанағатсыздық таныту.Пайғамбарымыз (с.а.у) хадис шарифінде: (Шын мәнінде Алла сендердің әрбіреуіңе мінез құлық дарытқандай, ризықтарыңды да бөліп берді. Алла тағалай дүниені жақсы көргеніне де жақсы көрмегеніне де береді. Ал дінді тек жақсы көргеніне ған береді. Жаным құзырында болған Алламен ант етемін құлдың жүрегі, тілі дұрыс болмайынша және көршісімен жақсы болмайынша аманшылықта болмайды.)[10]

    Осыған байланысты Әбу Хурайрадан риуаят етілген пайғамбарымыз (с.а.у) нан келген бір қисса бар: (Бір заманда бір адам екінші бір адамнан жер сатып алған, сатып алған адам жер қойнауынан бір кесек алтын тауып алады. Алтынды жердің бұрынғы қожайынына апарып: «сенен жерді сатып алдым, қойнауындағы алтынды сатып алмап едім» деп алтынды алуын талап етеді. Жер сатқан адам болса: «Мен саған жерді сатқан қойнауындағы затпен бірге саттым» деп, алмай қояды. Сөйтіп екеуі қазығы барып шағымданады. Қазы: «Екеуіңнің біреуіңнің ұлың бар ма?» дейді. «ия» менде ұл бар дейді біреуі. Біреулеріңнің қыздарың бар?» дейді. «ия» менде бар деп жауап береді екіншісі. Олай болса екеуің құда болыңдар алтынды сол балаларыңа беріңдер» деп үкім береді.

    Төртінші: Харам кәсіптің зиянынан хабарсыз болу.  Көп адамдар күнәға барудағы басты себептерінің бірі харамның хасіреті  жайлы хабарсыздығы. А            йшадан келген хабар бойынша айтты: «Әбу Бәкірге қызмет жасап жүрген жігіттердің бірі бір тағам ұсынып оны Әбу Бәкір жеді. Содан кейін әлгі жігіт: «Сен бұның қайдан келгенін білесің бе деді. «Қайдан келіп еді деді. «Кезінде көріпкелдікпен айналысқан уақытымда бір адамды алдап, содан тапқан ақшамнан алған едім» деді. Ол сол мезетте қолын аузына тығып құсық шақырып жегенін сыртқа шығарып тастады.[11]

    Харам кәсіптің зияндары:

           Бірінші: Жүректе қара дақ пайда болып, құлшылық жасауда әлсіздік туады. Харам кәсіппен айналысып, харам несібеден азықтанған адамның бойында құлшылыққа деген немқұрайлық, әлсіздік басым тұрады. Ибн Аббас ол жайында: «Жақсы іс адам жүрегінде нұр кіргізіп, жүзіне шуақ береді, денесіне қуат беріп, ризығын кеңейтіп, жаратылғандарға мейірімділігі оянады. Жаманшылық болса адамның жүзін түнертіп, жүрегін қарайтады, денесінде әлсіздік пайда болып, ризығы кеміп, айналасын жек көреді.[12]

    Екінші: Алланың ашуына апарады. Харам кәсіп Алланың ашуына апарып, тозаққа кіруі уәжіп болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у) ның Әби Умама әл-Хәрисиден келген мүбарак хадисінде: (Кімде-кім мұсылман адамның хақысын өтірік ант ішіп бұзатын болса, оған тозақ уәжіп болып, жәннәт харам болады.)[13]

    Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен басқа бір хадисте хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні Алла тағала үш түрлі адаммен тілдеспейді. Оларға (мейіріммен) қарамайды әрі (күнәларынан) тазартпайды, сондықтан олар өте ауыр азапқа душар болады. Олар:шөл далада қажетінен артық ауыз суы бола тұра, оны өзге жолаушылардан аяған адам. Кешкі базарға шығып, сатып алушыны: «Алланың атымен ант етейін! Өзім мұны мынанша бағаға сатып алған едім» деп сендіріп, дүниесін алдап өткізген адам. Сондай ақ, ел билеген басшының алдында қара басының пайдасы үшін «саған адал боламын» деп ант қабылдап, кейін әлгі басшының шарапаты тисе уәдесінде тұрып, ешбір жақсылығын көрмесе, сертінен тайған адам», — деп айтты», — деген[14].

    Үшінші: Дұғасы және ізгі амалы қабыл болмайды. Дұға қабыл болуының шарттарының бірі – адамның харамнан алыс болуы жеген тағамы, киген киімі, тапқан табысы адалдан болу. Алла тағала Құран кәрімде:

    (Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер.)[15]

    Харам аспен тамақтанып, киім киіп, жанұясын асыраған адамның дұғасы қырық күн бойы қабыл болмайтыны жөнінде Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадистерінде баян етілген. Алла елшісі (с.а.у) көптеген хадистерінде харам аспен қоректенген ағзаның қандай жағдайға душар болатындығын сипаттап, одан сақтануды ескерткен:      «Расында, адамның ең бірінші шіритін жері – асқазаны, сондықтан қай-қайсың да мүмкіндігінше таза нәрселермен азықтануға тырысыңдар».[16] Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) хараммен қоректенген адамның дұғасының қабыл болмайтындығын айтқан:   «Қасиетті сапарға шыққанымен үсті-басы ретсіз, шашы ұйпа-тұйпа күйде Алла Тағалаға қолын жайып «Уа, Раббым! Уа, Раббым!» деп дұға жасап жатқан адам туралы «Бұл кісінің жегені харам, ішкені харам, кигені харам. Сөйте тұра тілегім қабыл болса екен деп үміттенеді. Мұндай адамның дұғасы қайдан қабыл болсын?»[17].

             وَبَيْنَهُما أُمُورٌ مُشْتَبِهَاتٌ

     «Ал ол екеуінің арасында күдікті нәрселер бар»
    Халәл және харамның арасында күмәнді де, шүбәлі нәрселер бар екен. Оның не рұқсат етілгенін, не тыйым салынғанын білу оңайға соқпайды. Себебі, бір дәлелдерге қарасақ, оның харам екені анықталады, басқа дәйектерге жүгінек оның рұқсат етілгені айғақталады. Сол сияқты, ғалымдарда кей мәселелерде келіспеушілікке түседі. Олардың бірі белгілі бір істің халәл екеніне пәтуа берсе, екіншісі оның харам екенін алға тартады. Өйткені, дәлелдерге қарап, әр ғалым өзі ұстанған пікірді күштірек деп көреді. Осыдан кейін адамдарда күмән туады.
    Сұрақ: бұндай жағдайларда не істеу керек?
    Жауабы: ондай істреден аулақ болу қажет. Олардың халәл яки харам екені анықталмайынша аса жоғары ықтияттылық, сақтық танытып, оларды тастау қажет. Ал егер оның рұқсат екендігі айқындалса, оны қолдануға, алуға болады.
    «Олар туралы көп адам білмейді»
    Көп адамдар күдікті істердің, негізінде халәл не харам екенін білмейді. Осыдан түсінетініміз, көп адамдар оны біледі. Пайғамбарымыз (с.а.у): «олар туралы адамдардың көбісі», — деген жоқ, ол: «олар туралы көп адам білмейді», — деді.
    Сұрақ: күдік-күмәндардың пайда болу себебі неде?
    Жауап: олар төрт себеппен пайда болады:
    1) Білімнің аздығы. Білімнің аздығы, әлбетте, күдіктер туғызады. Білімі көп адам басқа білмейтін нәрселерді біледі.
    2) Түсініктің аздығы. Кейде адамның білімі көп болуы мүмкін, алайда ол ештеңені түсінбейді. Соның себебімен, әрине оның күдіктері болады.
    3) Ой жүгіртуде кемшілік жіберу. Адам, оның міндетті емес екенімен сылтауратып, ойлануға, ден қоюға тырыспайды.
    4) Жаман ой. Бұл — ең сорақысы. Мәселен, адам тек өз пікірінің ғана ұтқанын қалайды. Ол шындығы қайсы, жалғаны қайсы деп бас ауыртпайды. Бұндай ниетпен адам ешқашан білім игере алмайды.

    فَمَنِ اتَّقَى الشُّبُهَاتِ فَقَدِ اسْتَبْرَأَ لِدِينِهِ وعِرْضِهِ،

      «Кімде-кім күдіктерден сақтанса, өз діні мен ар-намысын арылтады»
    Бұл сөздердің арабша нұсқасында «тақуалық» танытса деген сөздер келді. Ал «тақуа» сөзі «әл-уиқоя», яғни «бөгет, тосқауыл» деген мағына беретін сөзінен шыққан. Осылайша, адам шүбәлі істер мен өзінің арасында тосқауыл қоя білу керек екен. Соның себебімен ол екі ұлы пайдаға қол жеткізе алады:
    1) Дінін арылту, яғни дінін таза күйінде сақтап қалу;
    2) Ар-намысын арылту, яғни адамдардың сөгістерінен өз жанын аман қалдыру.
    Осы екі ұлы пайданы бағалай білген адам тірліктерінде асығу мен аптығудан алыс жүреді. Егер адамдардың арасында қарама-қайшылық болып жатқанын көрсе, біреуі белгілі бір нәрсені халәл, ал басқасы оны харам деп жатқанын естісе, тоқтайды да, келеспеушілік туғызған нәрсеге, мән-жайы анықталмайынша жоламайды.
    ومَنْ وَقَعَ فِي الشُّبُهَاتِ وَقَعَ فِي الْحَرَامِ،

    «Ал кім күдікті нәрселерге барса, харамға да баратын болады»
            Егер адам күдікті мәселелерге жеңіл қарап, оған қатысты немқұрайлы болса, онда ол ақырында харамға да бас ұрады. Өйткені, ол күмәнді істерде ғапылдық танытқан соң, анық тыйым салынған істерде де немқұрайлы болады. Бұл проблемма адамдар арасында жоқ емес. Кейбіреулер: “Бұл мәселеде келіспеушілік бар болған соң, қалаған пікірді таңдағанымда еш күнә болмас”, — деп айтып жүр. Біз оған: “Жоқ, сен халәл жолын іздеуің керек. Әйтпесе, харам істерге де барып жүретін күнің ұзақ емес. Сонда дініңді де, ар-намысыңда да аман-есен алып шыға алмайсың!”, — деп насихат жасауымыз міндет. Егер ақылды адам бір жолмен өтпек болса, бірақ оның қауіпсіз екенін, бұзақылар я жабайы хайуандардан бос екенін білмесе, ол жолмен өтуден қорқады, одан сақсынады. Бұл дүниеуи бір мысал ғой, онда одан да маңызды болған дінімізде ықтиятты болу жөнінде не айтса болады?!

    كَالرَّاعِي يَرْعَى حَوْلَ الْحِمَى يُوشِكُ أَنْ يَرْتَعَ فِيهِ، أَلاَ وَإِنَّ لِكُلِّ مَلِكٍ حِمًى، أَلاَ وإِنَّ حِمَى اللهِ مَحَارِمُـهُ،

    «Ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар, ал Алланың қорығы – адамға тыйым салған нәрселері»
    Алла Тағаланың қорығы – тыйым салған нәрселері. Мұндай мысалдың келтірілу мақсаты анық нәрселермен жасырын істерді және сезіммен қабылдауға болатын нәрселермен дерексіз істерді көрсету. Араб патшалары әдетте өздерінің малына арналған жайылымдарды, оған жақындаған адамдарды әр алуан жазалау түрлерімен қорқытып, қоғағаны белгілі. Патшаның жазалауынан қорыққан адам өз малдарының оның қорығына барып қалу қауіпінен сақтанып аулаққа әкететін, ал патшадан қорықпағандар малдарын қорықтың маңында жаятын болған, нәтижесінде өздері қаламаса да патшаның шекарасын бұзып қойып, жазаға ұырап отырған.
    Дәл сондай-ақ Алла Тағаланың да қорығы бар. Мұндай қорық – күналар мен барлық тыйым салынған харам нәрселер. Бұлардың қандай да бірін жасаған адам Алла Тағаланың дүние-ахыреттегі жазасына лайықты болады, ал кімде-кім шүбәлі нәрселерден тартынбай жақын барса, ол харам нәрсені де жасауға дайын тұрады.

    أَلاَ وَإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةً إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، أَلاَ وهِيَ الْقَلْبُ

    «Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады, шын мәнінде, ол — жүрек»
                Хадистің аяғында пайғамбар (с.а.у) адамның ықтияттылық пен сақтық танытуға себеп болған нәрсені баяндады. Сол сияқты ол (с.а.у) адамды күдікті нәрселерге, ал сосын харамға да немқұрайлы, салғырт болуының себебін түсіндірді. Барлығы адамның кеудесіндегі жүректің ізгілігі мен бұзықтығына байланысты екен.
    Егер адамның жүрегінде ізгілік болса, онда ол шүбәлі істерден қашады, ал егер жүрегінде ізгілік жоқ болса, онда ол күмәнді нәрселерге көңіл аудармайды. Уақыт өте келе, ол тыйым салынған нәрседерді істеуден де қорықпайды. Демек, негіз – жүректе!
    Сұрақ: жүрек дегеніміз не?
    Жауап: Ол – адам кеудесіндегі бір кесек ет. Ол арқылы адам зиянды мен пайдалыны, игі мен сұмды ажырата алады. Алла Тағала былай деді: «Шын мәнінде, соқыр болатын көздер емес, алайда кеуделердегі жүректер көрмейді»[18]. Егер адамның жүрегі соқыр болса, онда ол ширкке (серік қосу), куфрға (имансыздыққа), бұзақылыққа түседі. Ал егер жүректе көрегендігі болса, ол жоғарыда бұл күналардан аулақ болады. Негіз – жүректе!
    Жүрек – бұл дене мүшелерінің патшасы. Егер патша ізгі болса, оның қоластындағылары да ізгі болады. Ал егер ол бұзылған болса, онда оның қоластындағылары да бұзылады. Сол үшін, мұсылман адамның міндеті – әрқашан Алладан жүрегін ізгі қылуын сұрау. Ізгі жүрек адамға екі дүниеде де үлкен пайда әкеледі. Алла Тағала былай деді: «Ол күні мал да, балалар да пайда бермейді. Бірақ кім Аллаға сау жүрекпен келсе ғана (пайда береді)»[19].
    Сондықтан, пайғамбарымыз (с.а.у) өте жиі: «Әй, жүректерді құбылтып тұрушы. Менің жүрегімді дініңде берік қыла гөр!», — деп дұға ететін[20]

    Харам эмульгаторлар күнделікті тамағымызда қаншалық?[21]

    Бүгінде харам тағамдарының көбейіп кеткені соншалықты, тіпті кейде не жерімізді білмей қаламыз. Әрине, доңыз және одан жасалатын өнімдер харам екенін әрбір мұсылман баласы жақсы біледі. Дегенмен, доңыздан жасалатын қоспалар жайында көпшілік біле бермейді. Олардың көптігі сондай кейде атын жаттап үлгере алмай жатамыз. Доңыз десе ең бірінші оның еті, терісі, майы және желатин еске түседі. Желатин – малдың терісінен, сүйегінен жасалынады. Елімізде желатин өндірілмегендіктен негізінен Ресей мен Қытайдан тасымалданады. Ал, көршілерімізде бұл өнім көбінесе доңыздан жасалынады. Желатин тамақ өндірісінде кеңінен қолданылады. Мысалы, сүт өнімдерінде: йогурт, балмұздақ, айран т.б.; кондитер өнімдерінде: мармелад, мармелад өнімдері, кремдер, торт, кекс, пироженный, мусс, желе, тоспа сонымен қатар сағыз құрамына қосылады. Тағамды қойылтқыш (желе жасағыш) қоспа ретінде желатинді ғана емес сондай-ақ өсімдіктерден жасалынатын қоспалар да қолданылады. Мысалы, агар, агар-агар, пектин. Алғашқы екеуі – су түбіндегі балдырдан, пектин – картоптан және қант қызылшасынан алынады. Сондықтан агар, агар-агар, пектин қоспалары халал болып саналады. Сүт өнімдерін сатып аларда құрамын оқысаңыз, қойылтқыш заттың қайсысы қосылғанын білесіз. Ал кондитер өнімдерін былай ажыратуға болады. Мысалы, мармелад, желатин қосылса, екіге бөлгенде созылып, қолға жабысып барып бөлінеді. Ал, агар қосылған мармелад созылмай морт бөлінеді. Кремдерде көбінесе көпірген кілегей (сбитые сливки), ірімшік (твороженный), йогурт кремдеріне қосылады. Сондай-ақ, торттың үстіне құйма (заливка) ретінде де қолданылады. Кекс, пироженный, печенье арасына жағылатын тоспа ретінде қолданылады. Қойылтқыш заттардың бағасына келетін болсақ, агар, агар-агар, пектинге қарағанда қымбатырақ, ал пектин желатинге қарағанда қымбатырақ. Сол себепті көптеген өндіріс орындары арзанына қарай ұмтылады. Мал өнімдерінен алынатын тек желатин ғана емес, эмульгаторлардың да кейбір түрлері жатады. Эмульгаторлар «Е» деген атаумен кеңінен халық арасында кеңінен танымал. Эмульгаторлар бірнеше түрге бөлінеді: Бояулар – Е-100 – Е-199; Консерванттар – Е-200 – Е-299; Антиоксиданттар – Е-300 – Е-399; Тұрақтандырғыш (стабилизаторы) эмульгаторлар – Е-400 – Е-599; Дәмі мен хош иісін арттырғыштар (усилители вкуса и аромата) – Е-600 – Е-699; Антифламинктер және т.б. заттар – Е-900 – Е-999. Соңғы кездері өндіріс орындары тағам құрамын химиялық атаумен жазатын болды. Бұл да тұтынушыларды шатастырудың бір айла-тәсілі. Кейде, бояу немесе дәмдеуіш деп те толық емес ақпарат беретіндер де көптеп кездесіп жатады. Төмендегі эмульгаторлар тізімін Бүкіләлемдік дәрігерлер лигасы мұсылмандарға харам немесе зиян деп тыйым салған:

    — Е-120- кашениль; карминдық қышқылы; карминдар, ашық қызыл түсті бояғыш. Усасыр жапырақтарында өмір сүретін жәндіктердің ұрғашысын жұмыртқаламай тұрып кептіру арқылы алынатын бояғыш. Кармин көбінесе шұжық, ет өнімдерінде, алкоголды және алкоголсыз ішімдіктерде, кондитерлік бұйымдарда, сүт өнімдерінде қолданылады. Сонымен қатар косметикалық, дәрі-дәрмек өнеркәсіптерінде қолданылады.

    Кармин алынатын жәндіктер

    Е-124- понсо 4R(ал қызыл 4R), кошенилды қызылА, Лабараторияда химиялық синтездеу әдісімен жасалынады. Барлық түстерге түрлене алады. Азық-түліктің барлық түрлеріне қосылады.Шұжық, балық өнімдеріне, жеміс-жидектерге қолданылады. Балмұздақ, сүт өнімдерінде қолданылады. Шампунь, сабын және басқа да косметикалық заттарға қолданылады.

    Е-125- понсо, ал қызыл SX, Лабараторияда химиялық синтездеу әдісімен жасалынады. Барлық түстерге түрлене алады. Азық-түліктің барлық түрлеріне қосылады.Шұжық, балық өнімдеріне, жеміс-жидектерге қолданылады. Балмұздақ, сүт өнімдерінде қолданылады. Шампунь, сабын және басқа да косметикалық заттарға қолданылады. Адамның өміріне қауіпті.

     

    Е-127- эритрозин, Лабараторияда химиялық синтездеу әдісімен жасалынады.  Майлардың түріне қоспа ретінде қолданылады.

    Е-128- қызыл 2G. Лабараторияда химиялық синтездеу әдісімен жасалынады.  Адамның жүйке жүйесіне өте қауіпті.

    Е-131 көк патенттелген, Лабараторияда химиялық синтездеу әдісімен жасалынады.  Адамның ішек, асқазан ауруларының артуының ықтималдығы жоғары.

    Е-140- хлорофилл(I), хлорофилл(II),

    Е-422- глицерин, Тағамның бір-біріне жабысуына септігін тигізеді. Бір затты еріткіш сұйылту қасиеті бар. Майларды гидролиздеу тәсілімен алынады. Бүйрегі әлсіз адамдарға өте зиян.

    Е-430-полиоксиэтилен(8) стеарат, азық-түліктерді тұрақтандыру үшін қолданылады. Көп жағдайда доңыз майын еріту әдісін қолданады. Анкологиялық аурулардың туу қауіпі жоғары. Көп елдерде аталған қосынды тыйым салынған.

    Е-431-полиоксиэтилен(40) стеарат, азық-түліктерді тұрақтандыру үшін қолданылады. Сүт өнімдеріне, сағыздың түрлеріне қолданылады. Анкологиялық аурулардың туу қаупі жоғары. Көп елдерде аталған қосынды тыйым салынған.

    Е-432-полиоксиэтиленсорбитан монолаурат(полисорбат 20, твин 20) күрделі эфир сорбитанын полимиразация әдісімен алынады. Адам өміріне қауіпті, сүт өнімдерінде көп кезедеседі.

    Е-433-полиоксиэтиленсорбитан моноолеат(полисорбат 80, твин 80) , стеарин қышқылы мен этилин оксидінің қосындысы арқылы түзіледі. Және осын қосындыны жасау барысында доңыз майы қолданылады. Адамда әртүрлі нәрсеге алергияны тудыруы мүмкін.

    Е-434-полиоксиэтиленсорбитан монопальмитат(полисорбат 40, твин 40) , химиялық әдіспен жасалынады, азақ-түлікті тұрақтандыру қаситіне ие, әлемнің көп елдерінде тиым салынған.

    Е-435-моностеарат(полисорбат 60, твин 60) , ұннан жасалынатын өнімдерде көп кездеседі. Адамның өміріне қауіпті.

    Е-436-полиоксиэтиленсорбитан тристеарат(полисорбат 65) , Балмұздақ, маргарин, тоқаштарда көп кезедседі.

    Е-445- глицериннің эфирлері және шайыр қышқылы, ағаш қалдықтарынан алынады. Адам денсаулығына аса қауіптілігі жоқ дегенмен аллергия, іш ауруларына апаруы мүмкін.

    Е-470 а- май қышқылының натри, калий және кальций тұздары, доңыздың майы қосылу мүмкін.

    Е-470b- май қышқылының магний тұздары, доңыздың майы қосылу мүмкін.

    Е-471- май қышқылының моно және диглицеридтері,

    Е-472а сірке су және май қышқылының моно- және диг доңыздың майы қосылу мүмкін.

    лицеридтер эфирлері,

    Е-472b- сүтті және май қышқылының моно және диглицеридтер эфирлері, ,

    Е-472c-лимон және май қышқылының моно- және диглицеридтер эфирі,

    Е-472d- шараптың және май қышқылының моно және диглицеридтер эфирлері,

    Е-472е- диацетилдық және май қышқылының глицерин эфирі,

    Е- 472f-шараптың және май қышқылының глицериннің аралас эфирі,

    Е-472g- сукцинилирленген моноглицеридтер ,

    Е-473-сахарозалар және май қышқылының эфирлері,

    Е-474-сахароглицеридтері,

    Е-475-полиглицеридтер және май қышқылының эфирлері,

    Е-476-полиглицерин полирицинолеаттар,

    Е-477-май қышқылының пропан-1,2-диолды эфирлері,

    Е-478-глицериннің және пропиленгликольдың май қышқылының лактилденген эфирлері,

    Е-542-сүйек фосфаты,

    Е-570-май қышқылы (олеин қышқылы),

    Е-631-инозинат натрия,

    Е-632- инозинат калия,

    Е-633-5’-инозинат кальция,

    Е-635-натрия 5-рибунуклеотидтер, асқазан ауруларын тудырады.

    Е-640-глицин және оның натрий тұздары, адамда аллергия тудыруы мүмкін.

    Е-904-шеллак. Құрттың кейбір түрлерінен жасайды. Көбінесе жемістердің сырттарын қаптауда қолданылады.

    190759_1482723330

    Алынатын пайдалар:

    1) Істер үшке бөлінеді: анық халәл, анық харам және шүбәлі нәрселер.
    2) Келіспеушіліктер туындаған мәселелерде күдіктену барлық адамдарда болмайды. Өйткені, хадисте: «көп адамдар оны білмейді», — деп айтылған. Ал егер де барлық адамдар күдікке түссе, хадисте: «ешкім оны білмейді», — деп айтылатын еді. Сондай-ақ, егер де кейбір істер бүкіл адамзат үшін күмәнды болғанда, онда Құран анық, әрі түсінікті деген сипатқа лайықты болмас еді.
    3) Күдікті істерді атап өтудегі Ұлы Алланың даналығы. Өйткені, сол арқылы кімнің білім ізденуге ұмтылғыш екені айқындалады.
    4) Шариғаттың қандай да бір мәселесін адамдардың барлығы білмеуі мүмкін емес.
    5) Шүбәлі істерден аулақ жүруге ынталандыру. Алайда бұның өте маңызды бір шарты бар: күдіктің негізі, дәлелі болу міндетті. Ал егер де күдіктенуге еш дәлел болмаса, онда ол жәй шайтанның уәсуәсы болып есептеледі. Бұған мысал ретінде имам әл-Бухаридің «Сахих» жинағында жеткізген хадисін келтірсек болады: “Бір кісілер пайғамбарымызға (с.а.у) келіп, одан былай сұрайды: «Әй, Алланың елшісі, бізге бір адамдар ет әкеледі, бірақ біз оның Алланың атымен сойылған/сойылмағанын білмейміз». Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өздерің Алланың есімін атаңдар да, жеңдер!», — деп жауап береді. Ал олар Исламды жаңадан қабылдаған адамдар еді”.[1]
    6) Күдікті істерге баратын адам, харам істерге де барады.
    7) Пайғамбарымыздың (с.а.у) сабақ берудің, үйретудің жақсы тәсілі. Ол мағынауи нәрселерді сезім мүшелерімен қабылдауға мүмкін болатын мысалдар келтірген. Бұл – Құрандағы әдіс. Алла Тағала былай айтты: «Адамдарға Біз бұл мысалдарды келтіреміз. Алайда оны тек білетіндер ғана түсінеді»[2].
    8) «Сәддуз-зәри`а» (апаратын жолдарды жабу) қағидасы. Тыйым салынған істерге апаратын көздердің барлығын тыю қажет. Мысалы: Алла Тағала Құранда зина жасаудың өзін тыйым салмай, оған жақындауды тыйым салды. Тағы да мысал – Алланың келесі сөздері: «Алладан өзге сиынатындарына тіл тигізбеңдер, әйтпесе олар Алланы еш білімсіз, қастықпен сөгеді».[3]

    9) Ізгілік пен бұзықтықтың негізі – жүректе!
    10) Дене мүшелердің амалынан көрі, жүрекке қаттырақ көңіл бөлу керек. Өйткені, амалдардың негізі – жүректе. Дәл сол жүрек, Қиямет күні сыналады екен. Алла Тағала былай деді: «Расында, Алла адамды қайта тірілтуге шамасы жетеді. Сол күні сырлар ашылады. Сонда адамның күші де, көмекшісі де болмайды»[4]. Тағы да Алла: «Қабірдегілер шығарылған кезде және кеудегілер ашылған кезде не болатынын ол білмей ме?», -деді[5].
    11) Адамдардың істерін жүрек басқарады.
    Сұрақ: бұл ақылдың жүректе екеніне дәлел бола ала ма?
    Жауап: Ия, бұнда ақылдың жүректе екеніне нұсқау бар. Дене істерін басқаратын жүрек екеніне Құранның өзі куәлік береді. Алла Тағала былай деді: «Олар ақылға салатын жүректерімен, еститін құлақтарымен жер бетін кезбеді ме? Шын мәнінде, соқыр болатын көздер емес, алайда кеуделердегі жүректер көрмейді» [6].

    [1] Бұхари хадистер жинағы №2057

    [2] Ғанкабут сүресі, 43-аят

    [3] Әнғам сүресі, 108-аят.

    [4] Тариқ сүресі, 8-10 аят.

    [5] Ғадият сүресі, 9-10 аяттар

    [6] Хадж сүресі, 46-аят

    [1] (Бухари 52, Муслим 1599).

    [2] Мәидә сүресі, 1-аят

    [3] Бақара сүресі, 275-аят

    [4] Мәида сүрес, 3-аят

    [5] Исра сүресі, 33-аят

    [6] Исра сүресі, 32-аят

    [7] Бұхари хадистер жинағы, №2059

    [8] Ахмад, Тирмизи хадистер жинағы

    [9] Хаким Нисабуридің «Мустадрак» кітабында

    [10] Хадис шариф

    [11] Бұхариде келген

    [12] https://islamqa.info/ar/23425

    [13] Муслим хадистер жинағы

    [14] Бұхари, Муслим хадистер жинағы

    [15] Бақара сүресі 172- аят

    [16] Бұхари хадистер жинағы

    [17] Муслим хадистер жинағы

    [18] Хаж сүресі, 46-аят

    [19] Шуғара сүресі, 88-89 аяттар

    [20] Тирмизи, Ибн Маджа хадистер жинағы

    [21] http://minbar.kz/islam/blog/id/2546.html

    [22] Бұхари хадистер жинағы №2057

    [23] Ғанкабут сүресі, 43-аят

    [24] Әнғам сүресі, 108-аят.

    [25] Тариқ сүресі, 8-10 аят.

    [26] Ғадият сүресі, 9-10 аяттар

    [27] Хадж сүресі, 46-аят

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲