8.07.2020 05:38

Бес уақыт намазын қаза қылмаған қостанайлық әжей бүгін 115 жасқа толды (ФОТО)

  • 493 рет оқылды
  • Бүгін 115 жасқа толған, еліміздегі ең қарт тұрғын Қостанайда тұрады. Ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен кейуананың денсаулығы бірқалыпты деп хабарлайды Қазақстан-Қостанай арнасы.

    115 жастағы қостанайлық әжейәлі күнге дейін кітап оқып, өздігінен жүріп-тұрады  (фото)

    Әжей өздігінен жүріп-тұра алады. Ас үйге өз аяғымен барып, өзі тамақтанады. Қимылы ширақ, ойы сергек. Әсіресе, әжейдің әлі күнге дейін кітап оқитыны қайран қалдырады. Санаулы жылдардан кейін қостанайлық Марфуға Селтеткенованың есімі Гиннес кітабына планетамыздың «Ең қарт тұрғыны» есебінде жазылуы мүмкін.

    115 жастағы қостанайлық әжейәлі күнге дейін кітап оқып, өздігінен жүріп-тұрады  (фото)

    Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген. Бүгін 115 жас мерейтойын қарсы алған Марфуға әжей шау тартпаған. Еңкейіп бүгілмеген, жүрегіне әжім түспеген. Еңбек етіп есейген ерекше жан «Ұзақ жасаудың құпиясы – жүректің тазалығы» -дейді. 112-ке толғанша 5 уақыт намазын қаза қылмаған.

    Ұлт-азаттық көтеріліс, нәубет пен соғыс жылдарының куәсі болған кейуананың тұңғыш қызы 97 жаста. Өскемен шаһарында тұрады. Келіні 93-те. 115-тегі ел анасының күтімі, алтыншы қызы Жібектің еншісінде.

    115 жастағы қостанайлық әжейәлі күнге дейін кітап оқып, өздігінен жүріп-тұрады  (фото)

    Қазақстандағы ең қарт тұрғынның 1902 жылы, 3-наурызда туғанын растайтын төлқұжаттарын да өз көзімізбен көрдік. Көрдік те, ғажайыпқа еріксіз сендік. Оныншы мүшел жасқа аяқ басқан қарт ана шөбере-шөпшек тұрмақ, жетінші ұрпағы неменесінің алақанынан су ішкен. Бір әулеттің мәуелі бәйтерегі барша қазақ еліне өзінің ақ батасын берді.

    115 жастағы қостанайлық әжейәлі күнге дейін кітап оқып, өздігінен жүріп-тұрады  (фото)

    Алла аузына салған шығар асыл әже 150 жасауға әл-дәрменім жетеді деп қалды. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең ұзақ жасаған әйел Осакалық Мисао Окава Жапон елінен шыққан.

    115 жастағы қостанайлық әжейәлі күнге дейін кітап оқып, өздігінен жүріп-тұрады  (фото)

    Ал қостанайлық ғасыр-ана жапондық кемпірдің рекордын жаңартатындығына сенімді. Өйткені, Марфуға әжейдің анасы 123 жасында дүниеден озған. Біз де Марфуға әжейге шуақты да ұзақ ғұмыр тіледік.

    Nur.kz

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲