2.06.2020 07:18

Бескөлде тоғысты Мәулітке…

  • 2 600 рет оқылды
  • Жолсыз және сусыз қалған ауылдардың тұрғындары сонау жылдары үделі көшкенде Қызылжарға жете алмағандай, Бескөлде тұрақтап қалғандар көп-ақ сондай-ақ ауасы таза бұл жерді ұнатып, түтін түтетіп жатқан кәсіпкерлер де аз емес.

    Сәрсенбі күні Бескөлде Мәуліт өткізілгенде осыған тағы да көз жеткізе түстік. Мәулітке қатысушыларды «Қызылжар» орталық мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы құттықтады және пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі туралы кеңінен әңгіме қозғады.

    Кез келген Мәуліттің өзегі болып табылатын салауатты аудандық «Кәусар» мешітінің наиб имамы Адай Жылқайдаров оқыды. Оны сахнада қоштаушылар да аз болмады.

    Алла Елшісінің туған күніне жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Т.Есжанов құттықтады.

    Осы Мәулітті ұйымдастырған аудандық «Кәусар» мешітінің бас имамы Қадырбек Шәріпов  жиналғандарды құттықтап, қысқаша уағыз айтты. Сонымен бірге «Қызылжар» мешітінің наиб имамы Азамат Сәрсеновтың уағызына да құлақ түрілді.

    Мәуліт мереке болғандықтан, ойын-сауыққа да орын берілді. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртістері сахналық көріністер көрсетті. Мәуліт өткен аудандық мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетті. Ал мешіттің кішкентай шәкірттері хадистер оқып берді.

    Мәуліт соңында дәмханада ас берілді.

     «Қызылжар» орталық мешітінің

    баспасөз қызметі

    dsc02277 dsc02282 dsc02283 dsc02290 dsc02281 dsc02295 dsc02298-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f dsc02305 dsc02311 dsc02316 dsc02306 dsc02324 dsc02334 dsc02368 dsc02386 dsc02390 dsc02391

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲