24.08.2019 15:35

Намазды тәрк қылу

  • 624 рет оқылды
  • (Имам Зәһәбидің «Кәбәир кітабынан)

             Алла тағала  Құран кәрімде:

    فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا الصَّلَاةَ وَاتَّبَعُوا الشَّهَوَاتِ ۖ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا ﴿٥٩﴾ إِلَّا مَن تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَأُولَـٰئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ شَيْئًا 

    (59) Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады.(60) Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жәннатқа кіреді.[1]

    Бұл аятқа қатысты Ибн Аббас Алла одан разы болсын: «Құрандағы «намазды қойып» дегендегі аяттың мағынасы түгелдей тастап қою емес, намазды уақытынан себепсіз кешіктіру» делінген. Табиғиндердің имамы Сағид ибн әл-Мусайаб бұл аят турасында: «Бесін намазын екінді намазын кірер кезде оқу, екінді намазын ақшам намазына дейін кешіктіру, ақшам намазын құптан намазына дейін кешіктіру, құптанды таң намазы кіргенге дейін кешіктіру, таң намазын күн шығар  алдында оқу. Егер адам осы күйінде дүниеден өтетін болса, тозақта түбі терең ұсқынсыз болған  алаңға тасталады» делінген. Алла тағала басқа бір аятта:

    فَوَيْلٌ لِّلْمُصَلِّينَ ﴿٤﴾ الَّذِينَ هُمْ عَن صَلَاتِهِمْ سَاهُونَ

    Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш!(5) Олар намаздарын немқұрайлы оқиды.[1] Намаздарын ешбір жүйесіз қалай болса солай оқығандар. Сағд ибн Әби Уақас былай дейді: «Пайғамбарымыздан намаздарына немқұрайлы болғандар жайында сұрадым: «Ол уақытын кешіктіру» деп жауап берді. Бұл адамдар намаз оқыса да намаздарын кешіктірген сол үшін оларға Алланың үлкен азабы бар. Құранда «уәил» деген сөз келген бұл тозақтағы бір алаң оның ыстықтығы сондай дүниедегі таулар еріп кетер еді. Бұл намаз оқыған адамға тәубеге келу қажет. Басқа бір аятта Алла:

    يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَالُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ عَن ذِكْرِ اللَّهِ ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَأُولَـٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ﴿٩﴾

    Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар.[2]

             Тәпсір ғалымдары аяттағы «Алланы еске алудан» деген сөздерді бес намазға қатысты айтылады делінген. Көпшілік қазіргі уақытта дүние, сауда, өмірлік күйбеңмен бала өсіру қызығына батып, намаздарын тәрк қылуда. Пайғамбарымыз (с.а.у): Адамның қиямет күні ең бірінші есепке алынатын амалы намаз, егер намазы дұрыс болса, жетістікке жеткені, ал намазында нұқсан болса, құрдымға кеткені» делінген. Алла тағала Құран кәрімде тозақ иелерін сипаттап былай дейді:

    مَا سَلَكَكُمْ فِي سَقَرَ ﴿٤٢﴾ قَالُوا لَمْ نَكُ مِنَ الْمُصَلِّينَ ﴿٤٣﴾ وَلَمْ نَكُ نُطْعِمُ الْمِسْكِينَ ﴿٤٤﴾ وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ الْخَائِضِينَ

    «Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?»(43) Олар: «Біз намаз оқушылардан емес едік.»(44) «Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік.»[3]

    Пайғамбарымыз (с.а.у) мүбарак хадисінде:

    وقال النبي صلى الله عليه وسلم: » العهد الذي بيننا وبينهم الصلاة فمن تركها فقد كفر

    «Біз бен олардың (кәпірлердің) арасын бөлетін ол намаз, кімде-кім намазды тастайтын болса, күпірлік жасаған болады.[4]

    Пайғамбарымыз басқа бір хадисте:
    » من فاتته صلاة العصر حبط عمله »

    «Кімде-кім екінді намазын қаза қылса, амалы құрдымға кетеді»[5], делінген.

    Басқа бір хадисте:

    » من حافظ عليها كانت له نوراً وبرهاناً ونجاة يوم القيامة ومن لم يحافظ عليها لم تكن له نوراً ولا برهاناً ولا نجاة يوم القيامة وكان يوم القيامة مع فرعون وقارون وهامان وأبي بن خلف »

    «Кімде-кім бес уақыт намазға мұқият болса, қиямет күні ол құтылады әрі намазы оған дәлел болады және Алла оған бір нұр нәсіп етеді. Ал егер кімде-кім салғырт қараса, оның нұрын алып қояды әрі дәлелі болмайды және қияметте құтылу жоқ. Ол қиямет күні Перғауын, Қарун, Һаамаан, Абу ибн Халафпен бірге болады» делінген.[6]

    Осы хадиске байланысты кейбір ғалымдар былай деп айтқан: Егер кімде кім намазды байлық үшін тастаған болса, Қарунмен бірге тіріледі, егер басшылық үшін тастаған болса, перғауынмен бірге тіріледі, егер уәзірлік қызмет үшін тастаса, Һааманмен бірге тіріледі, егер сауда үшін тастаса, Абу ибн Халафпен бірге болады деп түсіндірген.

    Омардан келген хадисте бір адам келіп пайғамбарымыздан (с.а.у): «Исламда ең абзал амал не? деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Уақытында оқылған намаз, егер кімде-кім намазды тастаса, дінінен айрылады, намаз діннің тірегі»[7] деді.

    Таң намазында Омарға қастандық қылынғанда да намазын бұзбастан жалғастыра берген және өз сөзінде: «Кім намазды жоғалтса, оның дінде үлесі жоқ» деген.

    Атақты хадисте келгендей: «Кімде-кім бес уақыт намазға бекем болса, Алла тағала оған бес кереметті нәсіп етеді, өмір таршылығынан, қабір азабынан босатылады, амал дәптері оңынан беріледі, сират көпірінен найзағайдай жылдамдықта өтеді және жәннатқа есепсіз кіреді. Ал егер кім немқұрайлықпен қарайтын болса, Алла оны он бес азаппен жазалайды. Бесеуі дүниеде, үшеуі өлім шағында, үшеуі қабірде, үшеуі қабірден шыққан кезде. Дүниедегі азабына келетін болсақ, өмірінің берекесін алып қояды, жүзінен салихалылардың белгісін жояды, амалдары Алланың сауабына кенелмейді, дұғасы көтерілмейді, салихалыларға қатысты дұғада үлесі болмайды. Өлім сәтіндегі азапқа келетін болсақ, бейшара қалыпта өледі, аш күйде, сусаған күйде, дүниенің теңіздерін ішсе де сусыны қанбайды. Қабірдегі азапқа келетін болсақ, қабірі оған таршылық қылады,тіпті қабырғалары бір-біріне айқасып кетеді екен, қабірі оттай болады, күндіз-түні шоқта аунағандай болады және қабірінде «шужағ» деген жыланмен азапталады. Қабірден шыққаннан кейінгі азабы, қияметте қатты азап, Алланың ашуы, тозаққа кіру міндет болады». [8]

    Намазды немқұрайлы оқу жайында пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисінде: бір адам мешітке  кіріп, намаз оқиды, содан кейін пайғамбарымызға (с.а.у) келіп сәлем береді,  пайғамбарымыз (с.а.у) оның сәлемін қайтарып: «Қайт, сен намаз оқыған жоқсың» деді. Ол қайтадан оқыды. Содан кейін тағы да келіп сәлем береді. Пайғамбарымыз (с.а.у) оның сәлемін қайтарып: «Қайт, сен намаз оқыған жоқсың» деді. Ол тағы да алдындағыдай намазын оқып, пайғамбарға (с. а. у.)  сәлем береді: Ол үшінші мәрте: «Қайт, сен намаз оқыған жоқсың» деді. Үшінші мәртесінде әлгі адам: «Ей, ақиқатпен жіберілген Алланың елшісі, бұдан қалай жақсырақ оқимын, үйретші» деді. Пайғамабарымыз (с.а.у) : «Намазға тұрғаныңда тәкбір айт және өзіңе Құраннан жеңіл болғанын оқы, содан кейін рүкуғқа бар, рукуғтың хақысын толық бергеннен кейін денеңді тікте содан кейін сәжде қыл, сәжденің хақысын толық бергеннен кейін отырыс қыл, отырыстың хақысын толық бергеннен кейін тағы да сәжде қыл, ол сәжденің хақысын бер. Міне намазыңның барлығын осылай істейтін бол[9]», деді.

    Басқа бір хадисте:

    وثبت عنه صلى الله عليه وسلم أنه قال: » أشد الناس سرقة الذي يسرق من صلاته: قيل وكيف يسرق من صلاته؟ قال: لا يتم ركوعها ولا سجودها ولا القراءة فيها »

    «Ұрылардың ең жаманы намазда ұрлық жасағандар. «Ол қалай болады дегенде? «Рукуғын, сәждесін, қирағатын толық жасамайды»[10] деді.

    Басқа бір хадисте:

    وعن أبي موسى قال: صلى رسول الله صلى الله عليه وسلم يوماً بأصحابه ثم جلس فدخل رجل فقام يصلي فجعل يركع وينقر سجوده فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم: ترون هذا لو مات مات على غير ملة محمد صلى الله عليه وآله وسلم ينقر صلاته كما ينقر الغراب الدم أخرجه أبو بكر بن خزيمة في صحيحه.

    Бір күні пайғамбарымыз (с.а.у) мешітте  отырған кезде бір адам келіп намаз оқиды, рукуғқа барғаннан кейін сәждені тым жылдам жасайды. Бұны көрген пайғамбарымыз (с.а.у): «Мұны көріп тұрсыңдар ма? Егер осы қалыпта өліп кетсе, пайғамбар (с.а.у) миллетінде болмаған күйде өліп кетеді. Намазын қанды шұқыған қарға секілді шұқуда»[11] деді.

    Намаз, мінәжат – дінннің ең басты белгісі, ең басты рәмізі. Ислам дінінде ол пенде мен Рабының арасындағы тұрақты байланыс. Сол арқылы пенде Раббысына үйреніседі, күнә-кемшіліктерінен тазарады, туралықпен өмір сүру салты да нығая түседі және сол намаз арқылы әуейіліктің азғыруы мен нәпсінің қыспағынан сақтанады. Намаз пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер үшін, барлық ізгі пенделер үшін ең басты байлық, дүниедегі ең сүйікті іс.

    «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы

    Әділбеков Хамзат

    [1] Мәғун сүресі, 5-6 аяттар

    [2] Мунафиқун сүресі,

    [3] Муддассир сүресі, 44-аят.

    [4] Бұхари хадистер жинағы

    [5] Бұхари хадистер жинағы

     

    [6] Сахих хадися

    [7] Байхақи хадистер жинағы

    [8] Аталған хадис жайында ғалымдар негізсіз деп тапқан алайда хадистің мәтіні басқа хадистерде келген.

    [9] Имам Ахмад хадистер жинағы

    [10] Имам Ахмад хадистер жинағы

     

    [11]  Ибн Хузейманың сахих хадисі

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲