2.06.2020 08:09

ЕҢ ҰЛЫ СӨЗ – ҚҰРАН СӨЗI

  • 1 635 рет оқылды
  • «Бұрын кiтап түсiрiлген адамдармен өте сыпайы сөйлесiңдер. Ал, олардың арасындағы керiбаққандардың жайы басқаша. Бiз өзiмiзге берiлген кiтапқа да, сендерге берiлген кiтаптарға да иландық. Сендердiң тәңiрлерiң де бiздiң Тәңiрiмiз де бiреу-ақ. Бiз бiр Аллаһқа ғана бойсұнғандармыз деңдер»

    (Құран Кәрiм. «Ғанкәбут» сүресi, 46 аят)

    Ислам діні ең бірінші татулыққа, бейбітшілікке шақырады. Ал бүгінде дін атын жамылған ұйымдар тек саяси көзқарасты ұстана экстремистік әрекетте болса, мұны толық ажырата алмағаннан кейін әсіресе ислам дініне күйе жағуға дайын тұрғандар ислам – бейбіт дін екенін әсте мойындағысы келмейді. Мұндай жағдайлар дін өкілдеріне күйе болып жағылуда.

    Бүгінде заман талабы туғызған сұранысқа сай дін қайраткерлеріне үлкен сенім арттыруда. Сол сенім мүдесінен қалай шығу мәселесі бәрімізді терең толғандырады. Ол үшін барлық дін басшылары, мешіттер мен шіркеулер, озық ойлы интеллектуалды ортасы өз халқының рухани да мәдени деңгейін көтеруге ықпал етуге барынша тырысуда. Сонда ғана өзгеге деген озбырлық тиылып, сабырлықпен өзара түсіністікке жол ашылады. Сандаған ғасырлар бойы адам баласы жасаған өркениеттерді әрі қарай дамытады. Сара да негізгі жолдардың бәрі – мәдениеттер мен діндердің өзара үн қатып, тілдесу екенін бүгін ешкім жоққа шығара алмайды. Мәдениеттердің бірбіріне деген игі әсері, өзара тоғысуы және имандылық пен парасаттылық, тектілік пен зиялылық арқылы мәдениеттер байып өркендейді. Осы арқылы адамзат өркениеттерінің өзара үйлесімі қалыптасады. Сол себепті мәдениеттер мен діндер арасындағы диалог пен өзара түсіністік, біздіңше біртебірте қылаң бере бастаған ұлттар мен ұлыстар қақтығысын болдырмаудың басты құралы бола алады. Осы ретте 14 ғасырдан бері адам баласын ізгілік пен қайырымдылыққа, ынтымақ пен бірлікке шақырып келе жатқан ислам діні әлемге шуақ шашып, нұрын тарата бастағаннан бері татулық пен достық, әділдік орнауда. Ислам өмірді ұлықтайды, адамдары оны қадірлеуге үндейді. Адам денесі – материалдық әлемнің бөлігі. Сол денеге Алла тағала қалауынша ұзақ немесе қысқа етіп «қарызға» жан берген. Сол себепті жан адам денесіндегі қонақ. Олай болса, адам баласы ғұмырын барынша мәнді де маңызды, тақуа да зиялы, игі де ізгі істермен өткізулері керек. Қасиетті Құранда:

    «Ізгі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер. Күнә жасауға, жаулыққа жәрдемші болмаңдар. Құдайдан қорқыңдар, оның қаһары, тегінде, тым қатал» (Құран Кәрім. «АлМайда» сүресі, 2 аят). – деп Алланың тура, яғни мустақим жолымен жүруге, иманнан таймауға, игілікке, қайырымдылыққа, шапағатқа шақырады, жамандықтан сақтандырады. Сөйтіп, ислам барша адамзатқа әділдікті үлгі, зұлымдықты харам етеді. Өзара жәрдем беру, мейірімді де рахымды, бауырмашыл болу оның ұлық тәлімдерінен. Ислам діні ақыл мен парасатты жоғары қоя отырып, өзгенің де ойпікіріне құрметпен қарайды. Адамды бір ғана сенімге арқандап, оған қатаң көзқарастарды таңбайды, оған ешкімді мәжбүрлемейді. Құран Кәрім:

    «Дінде зорлық жоқ» («АлБақара» сүресі, 256 аят) – дейді. Бұл дініміздің ұстанымы, адамзатқа көрсеткен жолы, Алла тағаланың нығметтерін қадірлеу, салиқалы мақсат қоюына көмектесу деп бағамдаймыз. Жаратушы Иеміз әлемдегі барлық ісшаралардың аққарасын ажыратып бергеннен кейін адам баласының қай жолды таңдауын өз еркіне салады. Әрине, Алла тағаланың барша адамзаттың бір ғана сенімнанымына ұйытып қоюына құдіреті жетеді. Бірақ, Ол адамзатқа өзі жаратқан басқа мақұлықтарына бермеген ақылой, сана бостандығын бергендіктен, үлкен сеніммен еркіне жібереді. Бұл тұрғыда да Алла тағала Құран Кәрімде:

    «Сен адамдарды мұсылман болуға күштеп көндіремін деп ойлайсың ба? Жоқ, жер бетіндегі адамдар тек Аллаһ Тағаланың бұйрығы болса ғана түгел мұсылман болады», («Юнус» сүресі, 99 аят) – дейді. Бұдан шығатын қорытынды жаппай исламды қабылдау тек бір Алланың қалауында. Тәңіріміз адам баласын жалпы қай дінде болсын, өз ара мәмілемен бейбіт қатар өмір сүруге міндеттейді. Дін – саналы адамдарды, өз еркі және қалауымен қайырлы, игілікті істерге жетелейтін құдіретті күшті Жаратушының заңы. Дін – тәрбие. Дін – бақытқа жетелейтін, иман мен Тәңір заңдарын қамтитын тура жол. Дін – сүйіспеншілік, құрмет. Дін – сенім, ғибадат, дұға. Дін – адамзат, отбасы, қоғамды дамытып, үйлестіруші күш. Дін – адамды Жаратушы Алламен, өзге пенде мен әлеммен, айналасындағылармен байланыстырып, тәртіпке салатын, оған жол нұсқап, жетелейтін үлкен сенім. Сол себепті атақты философ Анри Бергсон дін жайында: «Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәлсапаны білмейтін қоғамды кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз қоғам болмайды», – деген.

    Даналардың бірі: «Дүниедегі барша адамзат төрт нәрсені қадір тұтады. Егер бұл төртеуі жоқ болса, адам шапағаттан жұрдай болады», – дей отырып, оны: 1. Адамның ерікті яғни азат болуы; 2.Еңбекпен тер төгіп, тапқан малмүлкі өз игілігіне айналуы; 3. Әр адамның туыпөскен, атабабаларынан мұра боп қалған Отаны болуы. 4.Отанды бөтендердің қолына тапсыру, кешірілмейтін күнә, келер ұрпаққа жасаған қиянат екені; 5. Ғасырлар бойы аманат болып келе жатқан діні», деп саралайды.

    Өз кезегінде Ислам басқа дін өкілдерімен төрт түрлі жолмен байланыс жасауды дұрыс көреді. Олар: 1. Танысып, білісіп, жақсы қарымқатынаста болу; 2. Бірбіріне жәрдемдесу; 3. Жақсылық жасау; 4. Әділ болу;
    Алла тағала Құран Кәрімде танысып, білісіп, қарымқатынас жасау жайлы:

    «Ей, адамзат! Сендерді біз әуелде бір еркек, бір әйелден (Адам мен Хауадан) бір ата, бір анадан жаратып, (өрбіттік)… Өзара қарымқатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Ал ерекше діндар болғандарыңды Тәңірі құрметті санайды. Анығында, Аллаһ барлық нәрсені біліп, бәрінен хабар алып отырады» («Хұжұрат» сүресі, 13 аят) – деген.

    Сонымен барша адамзат бір атаананың перзенттері. Адамдардың түрлі ұлтұлысқа бөлінуі, бірбірімен жер немесе малдүниеге таласып, ұрысжанжалмен өмір сүруі емес, қайта олар бірбірімен танысып, қамқорлық жасап, өзі халифа болған уақытта елін өркендетуге шақыруы ләзім. Алла тағала құзырында абыройға малдүниемен емес, қайта Алла тағаладан қорқумен және де жіберген әміріне мойынсұнумен жететінін айтқан жөн. Ал жақсылық жасау, әділ болу жайлы да Алла тағала Құран Кәрімде:

    «(Ал, кәпірлер ішіндегі) Сендермен соғыспағандарға, сендердің мекендеріңнен қуып шықпағандарға келсек, оларға жақсылық жасаудан, олар туралы әділ болудан Аллаһ сендердің жолдарыңды тоспайды. Аллаһтың әділ жандарды жақсы көретіні даусыз» («Мұмтахина» сүресі, 8 аят), – деп, өсиет еткен. Алла тағала бір аятта адамдар бірбіріне бөтен еместігін ескертсе, екінші аятта қайсы дінде болмасын оларға жақсылық жасауды және де әділ болған жандарды жақсы көретіндігін атап көрсетеді.

    Ислам діні мұсылмандар мен олардың қол астындағы өзге дін өкілдеріне де тең құқық береді, мұсылмандарға тиесілі немесе міндетті нәрселер оларға да міндетті және оларға да дін еркіндігі толығымен берілген. Мұсылмандармен бірге бір мемлекетте тұратын «Кітап иелері» өкілдері жайлы шариғатымыз бірқатар шешімдер шығарған:
    Олардың тәрк етуіне немесе белгілі бір сенімге мәжбүрленуіне жол берілмейді. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай Алла тағала Құранда: «Дінде зорлық жоқ», («Бақара» сүресі, 256 аят) – деген.

    «Кітап иелері» діни рәсімдерін өткізуге құқылы. Шіркеулері бұзылмайды, пұттары қиратылмайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Оларды діндерімен бірге тек қойыңдар», деген. Яғни оларды ғибадат жасап жатқан діндерінен қайтармаңдар деген.

    Ислам олардың діндерінде рұқсат етілген тағамдарын пайдалануына да мүмкіндік береді.

    Өз дініндегілеріне үйлену, ажырасу еркіндігі сақталады.
    Ислам олардың абырой мен құқығын қорғайды. Ұрысжанжал болған жағдайда да олармен әдеп сақтап, сыпайы сөйлесуге шақырады. Алла тағала Құран Кәрімде: «Бұрын кітап түсірілген адамдармен өте сыпайы сөйлесіңдер. Ал, олардың арасындағы керібаққандардың жайы басқаша. «Біз өзімізге берілген кітапқа да, сендерге берілген кітаптарға да иландық. Сендердің тәңірлерің де, біздің Тәңірім3з де біреуақ. Біз бір Аллаһқа ғана бойсұнғандармыз» деңдер» – деген. (Құран Кәрім. «Ғанкәбут» сүресі, 46 аят)

    Мұсылмандармен бірдей басқа түскен қайғықасіретке де тең құқықты.
    Ислам діні мұсылмандарға оларды зиярат етуге, сырқаттанып қалса көңілін сұрауға және бірбірімен саудасаттық жасау секілді т. б. істерге рұқсат етеді.

    Сөз соңында, асыл дініміздің ұлағатты да тәрбиелі қағидаларынан дінаралық татулық пен үйлесімнің адамзат аталуының алдында киелі борыш екенін ескерсек, сол киелі борышымызды әр саналы азамат тиесілі дәрежеде атқарса, қоғамымыздың тыныш та бейбіт ғұмыр кешетіндігінде біздің күмәніміз жоқ. Елбасымыз  Н. Ә.Назарбаевтың сөзінде: «Әлемде бір ғана қауым бар, ол – адамзат қауымдастығы, бір ғана жаратушы бар, ол – Аллаһ Тағала. Бір ғана тіл бар, ол – жүрек тілі. Ендеше барша адамзаттың тілегі бір» деп үндеу тастағаны бізді дінаралық татулық пен өзара келісім негізінде тыныштық орнаған қоғамда ғана тілегіміз бен ізгі арманымыз орындалатынына нық сенім білдіруге болады. Осы татулық пен ізгілік жолында Ұлы Жаратушымыз біздерге имандылық пен тақуалықты, берекебірлік пен өркендеуді нәсіп етсін. Әумин!

     

    Түркістан газеті

    Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

    Комментарии закрыты.

    Return to Top ▲Return to Top ▲