8.07.2020 04:18

АСТАНА МЕДРЕСЕСІ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

  • 982 рет оқылды
  • 16 желтоқсан күні Астана медресесінің мәжіліс залында осы оқу орнының басшысы Қалижан қажы Заңқоевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығының құрметіне арналған 100 кісілік мерекелік дастархан жайылды. Осынау еліміздің бас мерекесінің қарсаңында жайылған ақ дастарханға «Нұр Астана» орталық мешітінің имамдары мен медресе ұстаздары және барлық шәкірттер түгел қатысты.
    Бұл отырыстың әрине жөні бөлек. Олай дейтініміз бұл ата-бабамыздың аңсап, бірақ қол жеткізе алмай өткен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын ерекше атап өтіп, оның мән-мағынасына терең бойлау еді. Отырысты ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы, Астана медресесінің директоры Қалижан қажы Заңқоев сөз сөйлеп ашты. Ол кісі өз сөзінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен осындағы барша қатысушыларды құттықтай келе, бұның қадір-қасиетіне, мән-мағынасына кеңірек тоқталды. Еліміздің жиырма жылдан бері әлеуметтік, экономикалық, білім-ғылым, ұлттық құндылықтарымз бен мәдениетіміздің, дінімізбен салт-дәстүріміздің қарқындап дамып-өркендеуіне сарабдал салиқалы саясатымен жол бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екендігін әсте естен шағармауымыз керектігін баса айтты. Осымен қатар Дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретіміздің де, еліміздегі дін саласының жүйеленіп, қарқындап дамуының негізгі локомативі екендін де атап өтті. Жиынды әріқарай мешіт имамдары мен медресе ұстаздары, тәуелсіздікпен түйдей құрдас медресе шәкірттері кезегімен сөз алып, өздерінің елге, жерге деген ыстық ықыластарын, Тәуелсіздік туралы жүрек дүрсілін жарып шыққан тебіреністі ойларын толқи отырып жеткізді. Әрине бұл салиқалы отырысқа кең дастархан жайып, дінімізге шын жанашырлығымен көпшілікке танымал болған Елордамыздағы «Тұран» мейрамханасының егесі, меценат Райымберді Сағламұлының да қосқан үлесіне дән ризашылығымызды жеткіземіз. Қысқаша айтқанда жиын соңында діни қызметкерлермен болашақ жас мамандар, бұл отырыс бұрынғы отырыстан өзгерек болды деген ойда тоғысып, осы күнге жеткізген Аллаға мыңда бір шүкіршілік айтып, отанымыз Қазақстанның бұдан да әрі өрлеп, дамуы үшін игі дұға жасап тарқасты.

    Бақытжан ӨТКЕЛБАЕВ
    Астана медресесінің
    оқу бөлімінің меңгерушісі

    Комментирование на данный момент запрещено, но Вы можете оставить ссылку на Ваш сайт.

    Комментарии закрыты.

    Return to Top ▲Return to Top ▲