8.07.2020 05:05

Қасиетті Құрбан айт мерекесі

  • 950 рет оқылды
  • Мұсылмандардың ұлық мерекесі құрбан айт өңірімізде ерекше қарқынмен аталып өтуде. Жылдағы ислами үрдіс бойынша  таң сәріден «Қызылжар» орталық мешітінен шыққан тәкпір үні еріксіз қала тұрғындарын өзіне тартты. Бұл айтулы мерекеге облыс әкімі Ерік Хамзаұлы арнайы келді.Намазға қатысып, қызылжар жұртшылығын құрбан айт мерекесімен құттықтады.

    Айттың бірінші күні «Қызылжар орталық» мешітінің наиб имамы Исаев Қасымхан және мешіт ұстазы Әділбеков Хамзат Солтүстік Қазақстан облысының кәсіби-педогогикалық колледжіне барып, колледж студенттерін  құрбан айт мерекесімен құттықтады.

    Бұл ұлық мерекеде мәдени спорттық іс шаралар өткізілді. Атап айтқанда қазақша күрес, гир көтеру, футбол, баскетбол, жылдамдыққа жүгіру, арқан тарту.  Жеңімпаздарға мешіт атынан сыйлықтар берілді. Жеңімпаздар: Қазақша күрестен- 1-ші Абрасулов Мерей, 2-ші Госманов Алібек, 3- ші орын Кусайнов Асан, футболдан 1- ші «Шын сити» командасы, 2- ші орын «оңтүстік» командасы , ең таңдаулы шабуылшы Даулетов Зейдолла, гир көтеруден- 1- ші Аманов Ерлан, 2-ші Өркембаев Бақытжан,3- ші орын Сеиітбек Бекарыс, баскетболдан – 1-ші « Бекарыс», 2- ші орын «Батыр», ең жақсы көрсеткіш көрсеткен Мавланов Мардан, арқан тартудан 1- ші «Звездочки» , 2- ші «Ақсу», жылдамдыққа жүгіруден 1- ші Рыдина Юлия, 2- ші Яковюк Мария, 3- ші орын Бунк Виктория. Еліміздің  жастары айтулы мерекемізді тойлап жатқаны өте қуантарлық жайт. IMG-20150925-WA0013 IMG-20150925-WA0028 IMG-20150925-WA0035 IMG-20150925-WA0044

    Жарыстың соңында дастархан жайылды. Мешіттен әкелінген ас пен шелпектен дәм татылып, уағыз насихат айтылды. Ұлтаралық, дінаралық келісімнің нышаны ретінде мешітімізге өзге дін өкілдерінің басшылары арнайы келіп құрбан айт мерекесімен құттықтады. IMG-20150925-WA0040

    Бұл ұлық  мерекеде «Жетім көрсең, жебей жүр» деп бабамыз айтқандай, жетім жесірлер  сырт қалмады. Арнайы дастарханнан 200 шақты балалар дәм татып, имани уағыздар айтылды.

    IMG-20150925-WA0002

    Айттың екінші күні Петропавл қаласындағы Заречный кентіндегі №164-3 арнайы түзету колониясында ас берілді.

     

    «Қызылжар» орталық мешітінің

    Баспасөз қызметі

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲