КҮНӘ ЖҮРЕКТІ ҚАРТАЙТАДЫ

  • 71 рет оқылды
  • КАдам баласы өзінің жаратушысына бой ұсынып, оған мінәжат етуі  мұсылман адамның иманын күшейтіп, бойына күш беретіні сөзсіз, себебі адам баласының бұл дүниедегі жаратылыу мақсаты да сол себепті емес пе! Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:                                                            

    خَلَقْتُ الْجِنَّ وَ الْاِنْسَ اِلاَّ لِیَعْبُدُونِ   وَ ما                                                        

    «Мен жындарды және адам баласын тек маған құлшылық етулері үшін ғана жараттым»[1], – деп айтқан.                                                                        Ғалымда бұл аятты: Алла Тағала жындар мен адамзатты өзінің «бұйырғандарымды орындап, тыйғандарымнан аулақ болу арқылы Маған бас июлері үшін», – деп тәпсірледі. Ойлап қарасақ, Алланы жалғыздау да, оған бағынудың бір түрі болып табылады. Міне осы – жындар мен адамзаттың жаратылудағы басты мақсаты осы болып табылады. Ал егерде адам баласы Раббысына құлшылық қылыудан бас тартатын болса онда ол күнәға бой алдыратыны анық. Сонымен қатар істеген күнәсі, Алланың әміріне қарсы келуі адам иманына кері әсерін тигізбей қоймайды. Алла Тағала Құранда: 

    وَمَا أَصَابَكُم مِّن مُّصِيبَةٍ فَبِمَا كَسَبَتْ أَيْدِيكُمْ وَيَعْفُو عَن كَثِيرٍ       

    «Бастарына келген ауыртпалық,қолекі істегендеріңнің салдарынан болады және де Аллаһ көбін кешіп жібереді»[2], – деп айтқан. Мінеки осы аятта айтылғандай Алла бір құлынын күнәсін егерде ол құл шынай тәубе ететін болса барлық күнәсін кешіріп жібереді. Себебі, ғалымдарымыз осы аятқа түсініктеме бергенде бұл аяттағы «кешіріу» сөзі басқа кешіріуден қарғанда көбірек кешіріуді айтқан. Бірақ, адам баласы қаншама күнә жасаса жүрекке әсер тигізері анық. Күнәнің тағы бір зияны жүрекке қаранғылық орнатады. Жүрек-имандылық пен күпірліктің мекені. Жүрек-басқарушы орталық. Адамның сезімдері мен дене мүшелері осы орталыққа бағынады,орталықтан алған бұйрық бойынша әрекет етеді. Егер жүрекке иман ұяласа адамның бойында имандылық,көркем мінез-құлық көрініс табады. Ал жүректі күпірлік мекен етсе адамның бойында имансыздық пен жаман қасиеттер пайда болады. Яғни жүрек-жақсылық пен жамандықтың қайнар көзі. Құран Кәрімде жүрек жайлы 130-ға жуық жерде айтылады екен. Бұл жүректің маңыздылығын айрықша аңғартса керек.                                                                                            Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өзінің жүрекке қатысты бір хадисінде:                                                                             عن النعمان بن بشير رضي الله عنهما قال: سمعت رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول: «أَلَا وَإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةً إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، أَلَا وَهِيَ الْقَلْبُ». متفق عليه   

    Нұғман ибн Бәшир (Алла ол кісілерге разы болсын) пайғамбарымыздың былай деп айтқаның естідім дейді:                                               Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  «Ақиқатында,адам денесінде бір кесек ет бар. Ол жақсы болса,барлық дене жақсы болады. Ол бұзылса,бүкіл дене бұзылады. Шын мәнінде,ол-жүрек»[3], – деген. Бұл хадиске ғалымдар берген түсініктемеге келер болсақ бірінші топтағы ғалымдар: Адамның амалынын дұрыс болуы жүрегінен дұрыс болумен байланысты. Ал амалынын дұрыс болмауы ол жүрегінін бұзылғандығы деп айтқан. Хафиз ибн Рожиб деген ғалым адам баласынын жүрегі дұрыс істеу үшін, сыртқы дене бітімінін амалы дұрыс болу керек теп айтқан.                                                                                                          

    мында деп жүрегіне үш рет көрсетеді»[4], – деп айтқан.        Хадистен түсінетін Бұл жерде адам баласының сыртқы дене пішінің амалы мен жүрегінін амалы деп бөліп қарауға болмайды. Себебі пайғамбарымыздын мына хадисімен дәлел келтірсек болады:

     النبي صلى الله عليه وسلم: ((التقوى ها هنا)) ويشير إلى صدره، ثلاث مرات

                        «Расымен де тақуалық нәрсе адамның ішік жан-дүниенің дұрыс болуы сыртқы бет-бейнесіне әсер етіп қоймайтыны анық. Адамның ішкі тақуалығы артыуы сыртқы жан-дүниесінін өзгеруі дегенді білдіреді десек болады. Себебі пайғамбарымыздын (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:                                                                                            عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : ( إِنَّ اللَّهَ لا يَنْظُرُ إِلَى صُوَرِكُمْ وَأَمْوَالِكُمْ وَلَكِنْ يَنْظُرُ إِلَى قُلُوبِكُمْ وَأَعْمَالِكُم ْ ) رواه مسلم        

    «Алла Тағала сендердің сыртқы бет-бейнелеріне және мал-мүліктеріне қарамайды бірақ жүректерімен амалдарына қарайды», – деп айтқан                  Ал екінші топтағы ғалымдар пайғамбарымыздың жоғарыда келтірген хадиске мынандай түсініктеме берген: Адам жүректі дұрыстау үшін Аллаға көп жалынып дұға сұрау керек деп айтқан. Өйткені Алла Тағала өзінің тақуа құлдары жайлы құранда хабар береіп бұлай дейді:                                       رَبَّنَا لَا تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً إِنَّكَ أَنْتَ الْوَهَّابُ                                 

    «Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз сен өте бергенсің»[5],–деп айтқан.                                                                                            Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларын бұлай деп дұға жасауға үйрететін: «Аллам өзінен жүрегімнің туралығын сұраймын»[6], – деп айтатын.                                                               Демек бұл жерде байқағамыздай адам жүрегін күнәдан ада сақтау үшін әрдайым дұғада жүруі керек екен. Күнәнің тағы бір зияны жүрекке қаранғылық орнатады. Күнәнің артуыменен ол қаранғылық та арта береді. Нәтижесінде сол қаранғылық бетке шабады. Сөйтіп түсінің игі көрінісін кетіреді. Көз жанарының нұры солады. Жақсы мен жаманды, халал мен харамды ажыратудан қалады. Расында тағат-ғибадат ол – нұр. Ал, күнә – қаранғылық, түнек. Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ одан разы болсын) былай деген: «Әрбір жақсылық іс адамның жүзіне жарқындық, жүрегіне нұр орнатады. Әрі оның рызқысын кеңейтіп, денесінің қуатын арттырады. Және елдің жүрегінде махаббат орнатады. Ал, күнәлі іс адамның жүзін түңертеді. Кеудедегі жүрек пен ертең түсетін қабірге қаранғылық орнатады. Дененің қуатын әлсіретіп, рызқыны кемітеді. Әрі елдің жүрегіне жеккөрушілікті орнатады».                                                                                                                         Күнәнің зардабы жүрек пен денені әлсіретеді. Жүректегі әлсіреу белгілі нәрсе. Күнәлардан әлсірей бере жүрек ақырында өз тіршілігін тоқтатады. Сол сияқты күнә әсерінен дене де әлсірейді. Расында мұсылман адам денесіне қуатты жүрегінен алады. Мұсылманның жүрегі иманмен қуаттанған сайын, денесінің қуаты да арта түседі. Ал, күнәһар адам болса денесі қанша қуатты болса да, нағыз қысылтаяң шақтарда ең әлсіз адам сол. Қазіргі уақытта біздер мұсылманның әлсіздігін жиі көреміз. Оның басты себебі олардың діни ұстанымдарының Құран мен сүннеттің көрсеткен ұстанымдарынан алшақтауында. Егер олар Алланың кітабы мен Оның пайғамбарының (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне қайта оралса, онда оларға келер жеңіс те, табыс та, жақсылық та қайта оралатыны сөзсіз.                                                                               Ендігі кезекте осы адам баласынын күнәға батқан жүректерді емдеуде мынадай шарттар бар. Олар:                                                                                             1.Адал тамақ ішіу                                                                             Құлшылық-мінәжаттар рухты қоректендіретін рухани азық. Әрине, ол тәнге қажетті материалдық күш-қуатпен орындалады. Адал тамақтан бойға руханият дарыса, харам тамақтан керісінше қатыгездік пен ғапылдық ұялайды.         Адал тамақ пен салих амалдар арасында тығыз байланыс бар. Дұғаның қабыл болуы үшін де адал тамақтың мәнісі зор. Расулуллаһ (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұл жәйтті былайша баяндайды:

    قال رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ                                

    ((أَيُّهَا النَّاسُ ؛ إِنَّ اللَّهَ طَيِّبٌ لَا يَقْبَلُ إِلَّا طَيِّبًا، وَإِنَّ اللَّهَ أَمَرَ الْمُؤْمِنِينَ بِمَا أَمَرَ بِهِ الْمُرْسَلِينَ، فَقَالَ: ]يَا أَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنْ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ

     «Уа, адамдар! Шүбәсіз Алла барлық нәрседен пәк. Сол себепті адал және тазадан басқаны қабылдамайды. Алла Тағала пайғамбарларға бұйырғандарын мүминдерге де бұйырған». Бұл жайлы мына аятта баяндалады: «Ей, пайғамбарлар! Адал нәрселерден жеңдер. Салих (игі) амал істеңдер. Өйткені, мен сендердің істегендеріңді жақсы білемін»[7], – деп айтқан. Алла Тағала қасиетті Құранда бұл жайлы:

    يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُلُواْ مِن طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ 

    «Ей, иман келтіргендер! Сендерге берген ризықтардың адалдарын жеңдер»[8], – деп келген.                                                                                                          Осы аяттарды оқығаннан кейін Расулуллаһ (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)

     ذَكَرَ الرَّجُلَ يُطِيلُ السَّفَرَ أَشْعَثَ أَغْبَرَ، يَمُدُّ يَدَيْهِ إِلَى السَّماءِ يا رَبُّ.. يا رَبُّ، وَمَطْعَمُهُ حَرَامٌ، وَمَشْرَبُهُ حَرَامٌ، وَمَلْبَسُهُ حَرَامٌ، وَغُذِّيَ بِالْحَرَامِ، فَأَنَّى يُسْتَجَابُ لَهُ؟

     ұзақ сапарға шыққандықтан шашы ұйпа-тұйпа, үсті шаң-тозаң солай бола тұра қолдарын көкке көтеріп: «Уа, Раббым! Уа, Раббым!» – деп дұға еткен бір адам туралы айтады да:  «Бұл адамның ішкен-жегені харам, кигені харам, хараммен қоректенсе, дұғасы қалай қабыл болмақ?»[9] – Көреген, салиқалы Алла Тағаланың дос құлдары жүрек әлемінің ашылуы үшін мынадай екі мәселеге көңіл бөлу керектігін айтады:    «Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».                                            2. Алладан кешірім тілеп және дұға жасау.                          Пайғамбарлардан бастап барлық әулиелер, салих құлдар және тура жолдағылар молшылықта да таршылықта да қуанышта да қайғыда да Алла Тағалаға жалбарынып мінәжат еткен. Истиғфар мен дұға – шын мәнінде іштей өкініш пен жалбарынышты білдіретіндіктен Аллаға жетудің ең әсерлі жолы.                                                                                                   «Пенде бір қателік істеген кезде жүрегінде қара дақ пайда болады. Егер құл күнәні қайталап істемей, кешірім тілеп тәубе етсе, жүрек нұрланып шығады. Ал қателік (күнә) істегенді доғармай жалғастырса, қара дақтар көбейе түседі де, ақырында жүректі түгелдей қаптайды. Міне Алла Тағаланың:

     كَلَّا بَلْ رَانَ عَلَى قُلُوبِهِمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ

    «Жоқ, негізі олар өздері істеген жамандықтары салдарынан жүректерін тот басқан»[10] – деп баяндауы осы»[11].  

    Аллаға бет бұрып, жүректің ұлық дәрежеге жетуінде – дұға мен истиғфардың мәні зор. Әр түрлі әсерлерден өзгеріп, әр сәт Хақтан тайып кету ықтималы бар жүректің тура жолдан айрылмауы үшін пендеге дұға етуден басқа шара жоқ. Бұл турасында ұлы Раббымыз құлдарына былайша дұға ету керектігін үйретеді:

    رَبَّنَا لَا تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً إِنَّكَ أَنْتَ الْوَهَّابُ

    «Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді жамандыққа тайдырма және бізді рақымыңа бөле. Ең мейірімді Өзің ғанасың»[12].            3. Құран оқу және оның үкімдеріне мойынсұну . Алла Тағаланың ең үлкен сыйының бірі – адамзатқа жіберген Құраны. Рух пен тәннің шынайы бақыты Құран Кәрімнің арнасынан табылады. Құранның руханиятын паналамай, одан теріс айналып, тепе-теңдігінен айрылған адам адамдық қасиетінің обалына қалып, осы берілген нығметке көз жұмып, өзін құмарлық пен әуесқойлықтың толқынына батырады.                 Құран – қайғылы рухтарға дауа, шаршаған көңілдерге шипа және құлды Раббысына қауыштыратын һәм ерекше қағидалар ұсынатын иләһи сыйлық іспеттес. Ұлы Раббымыз өз кәламын барлық адамзатқа қарата былай танытады: يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءَتْكُم مَّوْعِظَةٌ مِّن رَّبِّكُمْ وَشِفَاء لِّمَا فِي الصُّدُورِ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ

     «Ей, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан үгіт, көңілге шипа, мүминдерге һидаят (тура жол) және рақым келді»[13]. – деп айтқан                                       Ал, Хазірет Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадис шарифінде: «Құран оқыңдар! Өйткені, Құраны бар жүректі Алла азаптамайды» деген[14]. Құран адамзатқа түскен. Ол «түсінігі бар» адам үшін таусылмас пікір қазынасы. Құранның руханиятынан аулақ туру үлкен қасірет.                                                                                                                               4.Алланы еске алу және өзін-өзі бақылау                                               Алла Тағала қасиетті Құранда: الَّذِينَ آمَنُواْ وَتَطْمَئِنُّ قُلُوبُهُم بِذِكْرِ اللَّهِ أَلاَ بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ «Жүректер тек Алланы зікір етумен ғана тыныштыққа қауышады»[15] – деп айтқан. 

             Алла Тағала құлдың түріне емес, жүрегіне қарайды. Сондықтан, әрбір мүмин иләһи назар көрінісі түсетін жүрегін надандықтан қорғап, зікірмен шұғылдануды міндет санауы керек. Құлшылық міндеттерінің ішіндегі ерекше мәні зор осы зікір сөзі Құран Кәрімде екі жүз елуден астам жерде айтылған. Алла Тағалаға шынайы мағынада құлшылық ету, зікірдің жүректегі дәрежесінің сезілу тереңдігіне қарай іске асады. Сол себепті Алла Тағаланың ақиқатын жүрекпен түсіну, білімнің ең абзалы және ең керегі де осы. Алла Тағала зікірдің руханиятынан қапыда қалмау үшін бірнеше аятта былайша ескертеді: «Иман келтіргендердің Алланы зікір етумен және Хақтан түскен Құран арқылы жүректері беріліп, қорқатын уақыты әлі жеткен жоқ па?»[16] –  деп айтқан. Алла Тағала құранда:

     وَلَذِكْرُ اللَّهِ أَكْبَرُ «Алланы зікір ету – әлбетте, ең үлкен ғибадат» –  деп айтқан.[17]

    فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُواْ لِي وَلاَ تَكْفُرُونِ «Сендер мені зікір етіңдер, мен де сендерді зікір етейін (еске алайын). Маған шүкіршілік етіңдер, опасыздық (күпірлік) жасамаңдар!»[18] –  деп айтқан. Алланы еске алу «Алла» сөзін тек қана сөз жүзінде қайталау емес, оны жүрекке орнықтыру деген сөз.                 Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:
    قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: مَثَلُ الَّذِي يَذْكُرُ رَبَّهُ وَالَّذِي لا يَذْكُرُ رَبَّهُ مَثَلُ الحَيِّ وَالمَيِّتِ

    «Алланы зікір еткен адам мен зікір етпегеннің айырмашылығы, тірі мен өлінің айырмашылығындай»[19] –  деп айтқан. «Алланы сүюдің белгісі, Алланы зікір етуді ұнату»[20] –  деп айтқан.  Ата-бабымыз да адам баласынын жүрегі жайлы өздерінің мақал-мәтелдерінде, өлең жолдарында айтып кеткен. Ақымақтың ақылы білегінде,                                                         Ақылдының ақылы — жүрегінде.

    Осы мақал-мәтелде байқағанымыздай адам баласының жүрегі жақсылыққа бастайтын жамандықты қаламайтын ең басты дене мүшесі. Себебі, пайғамбарымыздын мына хадисін дәлел келтіріуге Әбу Һұрайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Бір адам Пайғамбарымызға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келіп бір нәрсенің маған күмән тудырып тудырмағандығын қайдан білемін дегенде, Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп кеңес берген: «Қолыңды жүрегіңнің үстіне қой. Өйткені жүрек харамнан аулақ болуға әрекет жасайды, халалдан рахатқа бөленеді»[21], – деп айтқан.                                                                         Міне, жүрегіміз осындай нәзік бір жаратылыс. Оған немқұрайлылық танытуға болмайды, керісінше оны иман нұрымен гүлдендіруге әрекет жасауымыз керек. Жоғарыдағы хадис адамның жүрегі жақсылықпен жамандықты харам мен халалды таразылай алатындығына ишарат етілуде. Сондықтан, жүрегіміз біздің таразымыз, діни кеңесшіміз деуге болады, адам баласы жүректі Алланын рұқсат етпеген және күмәнді болған нәрселерден сақтау керек.

    Алыпкашев Аян Болатұлы

    «Қызылжар» орталық мешітнің наиб имамы


    [1] «Зәрият» сүресі, 56-аят

    [2] «Шура» сүресі, 30-аят

    [3] Имам Бұхари иман бөлімі 28/1

    [4] Имам Муслим бир және сила бөлімі 1987/4

    [5] «Әли-Ғимран» сүресі8-аят.                                                                                           

    [6] Имам Ахмад жинағы123/4.

    [7] «Мүминун» сүресі, 51-аят.                        

    [8] «Бақара» сүресі, 172-аят.           

    [9] Мүслим, Зекет 65.

    [10] «Мұтаффифин» сүресі, 14-аят

    [11] Тирмизи, Тәфсир 88   

    [12] «Әли Имран» сүресі, 8-аят

    [13] «Юнус» сүресі, 57-аят.

    [14] Дәрими, Фәзайлул-Құран 1.

    [15] «Рағд» сүресі, 28-аят.

    [16] «Хадид» сүресі, 16-аят.

    [17] «Анкәбут» сүресі, 45-аят.

    [18]«Бақара» сүресі, 152-аят.           

    [19]  Имам Бұхари, Дағуат 66.

    [20] Суюти, Жамиус-Сағир ІІ, 52.

    [21] Хайсәми.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲