СҚО-да «қайырымды кәсіпкерлер» алқасы құрылды

  • 134 рет оқылды
  •    ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен 2021 жылғы жоспарына сәйкес Петропавлда алғаш рет «Қызылжар» орталық мешітінің жанынан «Қайырымды кәсіпкерлер» алқасы құрылды.

    Ақпан айындағы жоспар бойынша қайырымды кәсіпкерлер алқасының алғашқы жиыны өтті.  Жиын барысында ҚМДБ-ның СҚО бойынша Бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы былтырғы қайырымдылық бағытында атқарылған іс-шараларға тоқталып, карантин кезінде кәсіпкерлер медициналық құралдар алып бергені үшін, халыққа қомақты көмек көрсетуге қолдау білдірген барша  кәсіпкерлерге  алғысын айтып,  ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Сейткәрімұлының алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар жаңадан құрылған «қайырымды кәсіпкерлер» алқасын алдағы уақытта атқаратын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

    Сондай-ақ СҚО «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Исаев Қ.А. мұқтаж отбасыларға  отын, көмір, киім-кешекпен және азық-түлікпен көмек көрсету істерінде белсенділік танытып жүргенін тілге тиек етті. Ендігі кезекте аталмыш алқа мүшелері қайырымды әрі сауапты істерді   кеңейтуді көздеп отыр. Аталмыш  жиында кәсіпкерлер Бас мүфти бастамасын қолдайтындықтарын білдіріп, алқа жұмысын жандандыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру керектігі айтылды. Шара соңында дастархан жайылып, ас берілді.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲