Мешітке экскурсия жасады

  • 106 рет оқылды
  • Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектебінің бір топ оқушылары облыстық «Қызылжар» орталық мешітіне арнайы экскурсия жасады.

    Мешіт қызметкері, «Жастар ісі» секторының маманы Мақсат Жұмажанов жас жеткіншектерді қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, балалардың сан алуан сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, Мақсат Аманжолұлы жат ағымның зардабы мен Әбу Ханифа мәзхабы бойынша дұрыс намаз оқудың жолын да түсіндіріп берді. Экскурсия соңында алған әсерлерімен бөліскен оқушылар алдағы уақытта да Алла үйіне келетіндерін жеткізді.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲