«Қолыңнан келсе, қолғабыс ет!»

  • 153 рет оқылды
  • Қалалық «Қызылжар» мешітінің дін қызметкерлері өңірдің еріктілерімен бірлесе отырып, «Қолыңнан келсе, қолғабыс ет!» акциясын ұйымдастырды.

    Акция барысында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан көше тазалығымен айналысатын азаматтарға ыстық тамақ, нан мен шай таратты. Осылайша сауапты істің ұйытқысы болды. Жастарды жақсылық жасауға баулу мақсатында қолға алынған шара үшін жұмысшылар өз алғыстарын білдірді. Аталмыш қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲