8.07.2020 04:44

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • 142 рет оқылды
  • ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбайдың төрағалық етуімен  қала мен ауыл имамдарының  онлайн режиміндегі  басқосуы өтті.  Онда Қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі  пысықталды

     Биыл Рамазан айы ерекше жағдайда өткелі отыр. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Мүбәрак айындағы тарауық намазы мешіттерде оқылмайды, сонымен қатар  жұртшылық  ауызашар рәсімін де көпшілікпен бірге өткізе алмайды. «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы осы жөнінен тұрғындар арасында кеңірек түсіндіру жүргізу керектігін айтты. Ол үшін жамағатпен онлайн байланысты нығайтып, интернет  арқылы уағыз, дәрістер тындауға шақыру қажет деді.

    Биыл  пітір садақасының төменгі құны кісі басына 370 теңге етіп белгіленді.  Карантин уақытында садақа беруді  жеңілдету үшін Kaspi Bank өз интернет-қосымшасына тағы бір қызмет  түрін қосып отыр. Үйден шықпай садақа беру  мүмкіндігін  Центркредит банкі де ұсынады.

    Жиында бас имам барлық мешіттерде  күзет жұмысын күшейтуді, сонымен қатар ішкі-сыртқы тазалығын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Жергілікті мешіттер Рамазан айында қайырымдылық шараларын үзбей жалғастыратын болады.  

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲