5.06.2020 08:58

САНИТАРЛЫҚ РЕЖІМ КҮШЕЙТІЛДІ

  • 126 рет оқылды
  • Өкінішке қарай елімізде короновирус індетіне шалдыққандар саны күннен-күнге артып келеді. Ел көлемінде жарияланған төтенше жағдайға сәйкес, халық көп жиналатын орындар уақытша жұмысын тоқтатып, санитарлық  режімге көшті.  Мешіттер де қауіпсіздік шараларын  барынша күшейтіп отыр.

    Өткен аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алуға қатысты үндеу жариялап,  көпшілікті мешіттердегі сақтық ережелерін қадағалауға шақырды. Онда  мешітке міндетті түрде бетперде тағып келу, намаздан  тыс уақытта топтаспау, дәретті үйден алып келу, мешітке кіргенде және намаздан соң қол беріп амандаспау сияқты сақтық шаралары атап көрсетілді. Осы тәртіптер қатаң ескерілуі үшін облысымыздағы барлық мешіттерде жамағатқа түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп,  қосымша шара ретінде жадынама парақшалары  жабыстырылды. Сонымен қатар «Қызылжар» орталық мешітінен бастап, аудан мен  ауылдардағы барлық  мешіттерде  залалсыздандыру  іс-шаралары қолға алынды.  Ғимараттардағы намаз оқу залдарынан бастап, асхана, дәліздері, дәрет бөлмелері мен барлық есік-терезелер арнайы ерітінді қосылған сумен жуылып, тазартылды.  

       Мешіт қызметкерлері тазалық пен санитарлық қауіпсіздік талаптарын қадағалануына  күнбе-күн  жіті мән беріп отырмақ.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲