28.02.2020 06:34

Мектеп оқушыларымен кездесу

  • 51 рет оқылды
  • Мектеп шәкірттері теріс діни ағымдар жайлы не білуі керек? Елімізде тыйым салынған діни ұйымдар қандай? Олардың  дәстүрлі діннен қандай өзгешеліктері бар? Осындай сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіту мақсатында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы, жастар ісі секторының меңгерушісі  Аян Алыпқашев   Жұмабек Тәшенов атындағы қалалық №20 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

    Наиб имам Қазақстандағы саны жиырмаға жуық  тыйым салынған ұйымдардың әрқайсысына тоқталып, олардың өзіндік ерекшеліктері жайында айтып берді. Деструктивті діни ағымдар белең алған кезеңде жастар арасында  түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы аса зор деген мектеп қонағы оқушылармен кездесуді әлі де жалғасын табатынын айтты. 

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲