10.12.2019 14:32

Қызылжардағы мәуліт

  • 37 рет оқылды
  • СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «ҮММЕТІНЕ ҮЛГІ БОЛҒАН МҰХАММЕД с.а.с» атты тақырыпта ардақты Пайғамбарымыз с.а.с еске алу кеші өтті. Алғашқы құттықтау сөзінде Петропавл қалалық әкімінің орынбасары Асқар Ережепұлы мұсылман жұртшылығын мәуліт мерекесіменен құттықтап, ұйымдастырушы тарапқа алғысын білдірді. Өз кезегінде СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының құттықтау сөзін жеткізіп, Пайғамбарымыз с.а.с өнегелі өмірін  уағыздады. Кеш жалғасында ғибратты көріністер қойылып, арнайы шақырылған ақындарымыз термелер айтып, жыр шумақтарыменен халыққа Пайғамбарымыз Мұхаммед  с.а.с асыл қасиеттерін жеткізді. Мәуліт жиналған кеш қонақтарына арнайы жайылған дастархандағы ақ баталарменен аяқталды.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲