10.12.2019 13:32

СҚО ІІІ аймақтық имамдар форумы өтті.

  • 130 рет оқылды
  • 2019 жылғы 27 қарашада Петропавл қаласында«Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ аймақтық имамдар форумы өткізілді. Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен, облыс әкімдігінің қолдауымен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиетімен бірлесіп өткізгелі отырған форумға имамдарымыз, өңіріміздің аға буыны, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау орган өкілдері, университет білім алушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Форум модераторы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бас имамы Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай кіріспе жасағансоң құттықтау сөзін   СҚО тілдер дамыту басқармасының басшысы Оспанов Кемел Қарашаұлына берді.

      ҚМДБ қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев Бекбосынұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының сәлемін жеткізіп, «Имандылық» құндылығы бойынша «Тәрбиенің түп қазығы – имандылық» тақырыбында баяндама жасады.

    Жеті рухани қазықтың» келесі құндылықтары «отаншылдық және білімділік», жөнінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті академиялық мәселелер жөніндегі проректордың м.а., филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жанар Серкешқызы Таласпаева сөз тарқатты.

    Келесі кезекте «Ауызбіршілік» жайында сөз қозғаған, «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы, қоғам қайраткері Сағындық Досмақұлы Салмурзин, тақырыбы «Бірлік түбі – тірлік».

    «Жеті рухани қазықтың» «еңбекқорлық» тақырыбында мәселені жан-жақты ашу үшін Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Есмақұлы Елеусізовке сөз кезегін берілді.

    «Жеті рухани қазықтың» тағы бір құндылығы «әділдік», бұл мәселе бойынша тереңірек ақпаратты Бас прокуратура академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Азамат Серікұлы Сарсенбаев жеткізді.

    Келесі баяндама «мәдениеттілік» құндылығы бойынша, «Мәдениеттілік – адамгершілік айнасы» атты тақырыпта сөз кезегі Солтүстік Қазақстан» газетінің  бас редакторы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, Ербақыт Амантайға берілді. Баяндама тақырыбы: «Адамзат дамуының ең басты кепілшісі – еңбек»

    Форум жұмысының барысында баяндамашылар тарапынан Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» (имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік) атты құжатта көрсетілген қоғам дамуының ілгері жылжуына ықпал ететін маңызды құндылықтар бойынша ғылыми негізделген, мазмұнды баяндамалар оқылды.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲