10.12.2019 13:30

СҚО имамдары жылды қортындылады

  • 97 рет оқылды
  • СҚО «Қызылжар орталық мешітінде ү.ж 14-қарашасында өңір имамдарының жылдық қорытынды есеп беру жиыны өтті.

    Іс-шара барысында ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылып, түсінділіріп өтті.

    Алқалы жиында облыстағы қала, аудан, ауыл мешіттерінің жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады. Жасалған жұмыстардың жақсы да әлсіз тұстары нақты тілге тиек болып, мақтаулар мен ескертулер айтылды.

    Жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы және теріс ағыммен күрес бағыттары, облыстағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет берілді.

    Жиналыста айтылған шаралар есебіне қатысты бас имам Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы жалпы оң бағасын беріп, имамдардың еңбектеріне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайы ескертіліп, келесі жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды. Жиналыс соңында өкіл имам ерекше еңбегімен көзге түсіп, дін жолындағы адал қызметі үшін Уалихан ауданының бас имамы Усербай Абдрухманұлын алғысхатпен марапаттады.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲