10.12.2019 14:15

III Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар бойынша семинар.

  • 116 рет оқылды
  • СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде ү.ж 14-қарашасына қала, аудан, ауыл имамдарының қатысуыменен III Республикалық имамдар форумында қабылданған: «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы, «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері» — атты үш құжатты насихаттау мақсатында семинар өткізілді. Аталмыш жиналысты бастаған СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы жиналған дін қызметкерлерге құжаттарды түсіндіріп, оларды насихаттаудың маңыздылығын жеткізді.

    Келесі кезекте облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары Алыпқашев Аян Болатұлы — «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы – құжаты , Айтуған Тойбазар — «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» — құжаты және де Файзиев Мухаммад-Кутб Рахимхожаевич — «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері» — құжаты бойынша өз баяндамаларын жасады.

    Жиынның қорытынды сөзінде СҚО бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы аталған құжаттарды біліп, оны мұсылман жұртшылығына жеткізу, үйрету әрбіз дін қызметкерінің борышы екендігін айтты.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲