17.11.2019 11:15

Жеті рухани қазық насихатталуда

  • 52 рет оқылды
  • СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде қала және аудан имамдары, зиялы қауым, әкімшілік, құқық қорғау органдары, ішкі саясат, БАҚ өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде III Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжаты талқыланды. Жиынды бастаған Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы  «жеті рухани қазық» құжатын таныстырып, имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік сынды құраушылар әр мұсылманның бойында табылу керек болған сипаттар екендігін айтып, әрі оны жастарға насихаттау имамдармен қатар ел ағаларының міндеті екендігін айтты. Қатысушылар өз тараптарынан қабылданған құжатқа оң бағаларын беріп, келешек ұрпақтың тәрбиесіне берер пайдасының мол екендігін айтты.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲