25.01.2020 17:38

Қажы апалар форумда қабылданған құжаттармен таныстырылды

  • 195 рет оқылды
  • СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде жамағат қажы апаларына ү.ж 23-қазанында өткен III Республикалық имамдар форумында қабылданған: «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «жеті рухани қазық»- атты үш құжат таныстырылды. Жиынды бастаған СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Дүйсенбай аталмыш құжаттарды түсіндіріп,олардың маңыздылығымен қатар форумда көтерілген мәселелерді жеткізді.

    Қажы апалар өз тараптарынан құжаттардың ел болашағына, жастар тәрбиесіне деген маңызы зор екендігін айтып, алғыстарын білдірді. Арнай шақырылған БАҚ мүшелеріне сұхбат беріліп, қасиетті жұма уағызында форум құжаттары насихатталды.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲