19.10.2019 03:25

Жат ағым өкілдерімен оңалту шаралары және дәстүрлі діни бағытқа қайтару әдістері

  • 98 рет оқылды
  • СҚО бойынша халықтар достығы ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқарма төрағасының кеңесшісі Мекежанов Балтабай Уажитұлы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы, жергілікті түзету мекемелерінің басшылары әкімшілік жүйесінің орталықтағы мамандары дөңгелек үстелге қатысты.

    Жиында сөз алған бас мүфти кеңесшісі діни басқарманың жұмыстарымен таныстыра келе, жат ағым жетегінде кеткендердің алдын алу жұмыстарымен және оңалту шараларын сөзге тиек етті. Облыстық орталық мешітінің бас имамы түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жүрген жат ағым өкілдерімен жасалып жүрген жұмыстар, өңірдегі түзету мекемелердегі белгіленген имамдардың жұмыстарын баяндап осы аралықта атқарылған іс-шаралардың нәтижелерін қорытындылады.

    Жергілікті түзету мекемелерінің теолог мамандары және оңалту орталықтарының қызметкерлері сұрақтар қойып ұсыныстарын жеткізді.

    «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲