24.08.2019 15:15

Дін аралық татулық

  • 71 рет оқылды
  • Мұсылман жұртшылығын қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтау мақсатында «Қызылжар» орталық мешітіне Қазақстан метрополиті Александр (Могилев Александр Геннадиевич), Петропавл еспископі Владимир (Михейкин Виктор Викторович)  және православ шіркеуінің секретарі Сергей Первушин ат басын тіреп келді. Шіркеу өкілдері өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, дін аралық татулық-елдің үйлесім мен тыныштық кепілі екендігін айтты. Конақтарды арнайы ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлымен қарсы алып, алғысын білдірді. Екі жақ сыйлықтармен алмасып, кездесу қонақтарға арнайы жайылған дастарханмен аяқталды.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲